Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Туризм саласындағы серпіліс 

Туризм саласындағы серпіліс 

Әлеумет 22.04.2023, 18:02 1,794
Туризм саласындағы серпіліс 
Almaty-akshamy.kz

Алматыда туризм саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.


Kazakh Tourism, Air Astana және Оңтүстік Кореяның Ұлттық туризм ұйымы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.



Еліміз Корея Республикасымен іскерлік тығыз байланыста. Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою Қазақстан туризімінің одан әрі дамуына деген тағы бір қадам болмақ. 



Меморандумға қол қойған тараптар тәжірибе алмасуға және әріптестік қатынастарды нығайту арқылы туризм саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға ниетті.


Air Astana-ның маркетинг және сату жөніндегі Вице-президенті Адель Дәулетбек меморандум елдердің туристік және курорттық іс саласындағы ынтымақтастығын нығайтатынын, сондай-ақ туристік маршруттарды әзірлеу саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру үшін негіз болатынын атап өтті.


- Air Astana әуекомпаниясы өткен жылы Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында 75 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады. Биыл бірінші тоқсанның өзінде 20 мыңнан астам жолаушы әуе желілерінің қызметтерін пайдаланды. Биыл жазда Air Astana Оңтүстік Кореяға аптасына 6 рейсті Boeing ұшақтарымен орындауды жоспарлап отыр. Біздің одан әрі ынтымақтастығымыз 2 ел арасындағы жолаушылар ағынын одан әрі көбейтетініне үміттеміз. Сонымен қатар, 2 мемлекетте де визасыз режим жұмыс істейді, бұл туристер ағынын арттыруға ықпал етеді”,– деді Адель Дәулетбек.


Келісім тараптары туристік қызмет және инвестициялық мүмкіндіктер мәселелері бойынша ақпараттық алмасуды ұйымдастыруға, туристік қызметтер көрсететін ұйымдар арасында тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, меморандум шеңберінде туристер ағымы бойынша тиімді ынтымақтастық үшін кедендік, шекаралық және көші-қон мәселелері бойынша деректер алмасу жоспарлануда. Осы ынтымақтастық арқылы мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылы, сондай-ақ қауіпсіз туризм (Travel bubbles) құру жеке мәселе болып саналады. 


Оңтүстік Корея Ұлттық туризм ұйымының президенті Ким Чан Сильдің айтуынша, Қазақстан - Оңтүстік Кореяға медициналық мақсатта туристерді жіберетін ірі елдердің бірі. Елдердің тығыз байланысы мен тікелей әуе қатынасының арқасында қазақстандықтар біздің елімізге медициналық туризм аясында ғана емес, саяхаттап келе алады.



– Корея үкіметі 2023-2024 жылдарды короновирус пандемиясынан кейін шетелдік туристерді тарту мақсатында “Кореяға баратын жыл” деп жариялады. Бұл кезеңнің негізгі трендтері - корей мәдениетін насихаттау және туристік әлеуетті дамыту. Қазақстан өз кезегінде туризм саласын жандандыру үшін бар күшін салуда. Қазақстанның тарихы, мәдениеті мен ғажап табиғаты бар. Мұның бәрі Кореядан келетін туристерге қызық болары сөзсіз”, - деп атап өтті Ким Чан Силь.


"Kazakh Tourism "ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Талғат Аманбаев өз кезегінде меморандумды іске асыру үшін 2 елдің туристік өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экотуризмді дамыту, туризм саласын ілгерілету және білім беру бойынша кешенді шаралар қабылданатынын мәлімдеді.


“Kazakh Tourism оңтүстік кореялық әріптестерімен әріптестік қарым-қатынас орнатқанына өте қуанышты. Біз бүгінгі келісім аясында маңызды жобаларды іске асыру үшін дереу жұмыс тобын құрамыз”, - деді Талғат Аманбаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #туризм #келісім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Бүгін 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Бүгін 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Бүгін 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика