AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Туризм индустриясы комитетінде 50-ден астам сот іс...

Туризм индустриясы комитетінде 50-ден астам сот ісі қаралуда

Заң мен тəртіп 09.04.2025, 11:40 729
Туризм индустриясы комитетінде 50-ден астам сот ісі қаралуда
Өңірлік коммуникациялар қызметі

 Алматыда туристерге бағытталған алаяқтыққа қарсы күрес күшейтілуде - ҚТА мен полициядан алдын алу кеңестері

Алматыда туристік алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілуде. 2024 жылы елімізде интернет-алаяқтықтың 17 мыңнан астам оқиғасы тіркеліп, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға көп. Келтірілген шығын 20 млрд теңгеден асты. Бұл туралы Қазақстан туристік қауымдастығының директоры Рашида Шайкенова өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Оның айтуынша, қазақстандықтар, оның ішінде алматылықтар келісімшарттық міндеттемелерді бұзатын жосықсыз туристік компаниялармен жиі кездеседі. «Қазіргі уақытта Туризм индустриясы комитетінде 50-ден астам сот ісі қаралуда. Олардың шамамен 40-ында сот шешімі туристердің пайдасына шықты», – деді Шайкенова.

Спикердің айтуынша, ерекше қауіп төндіретіні – «крипто-туристік схемалар» деп аталатын алаяқтық түрлері. Мұндай жағдайда алаяқтар жалған аккаунттар ашып, арзан авиабилеттерді ұсынады да, алдын ала төлем алғаннан кейін жоғалып кетеді.

«Лицензияның болуын, компанияның жұмыс мерзімін, шарттардың ашықтығын және ресми төлем әдістерін тексеру маңызды», - деп атап өтті ол. Сондай-ақ, нақты пікірлер мен құжаттарға назар аудару керек.

Алматы полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары Қайрат Қасымбаев атап өткендей, қала полициясы туристік саладағы алаяқтық туралы барлық белгілерді мұқият қадағалап отырады. «Өтініштер келіп түскен кезде материалдар сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркеледі. Жедел іс-шаралар жүргізілуде, ал кінәлілер жауапқа тартылады», - деп хабарлады ол.

Полиция азаматтарға тек ресми тіркелген туроператорға хабарласуды және ақшаны күмәнді делдалдарға бермеуді ұсынады. Күдікті жағдайлар туындаған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарласу маңызды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #туризм #сот #қауіпсіздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар алғаш рет ұлттық киіммен жаппай мұз айдынында сырғанады

Кеше 20:06

ЖАҢАРУ МЕН ЖЫЛУЛЫҚ ЖАРШЫСЫ: ҰЛТТЫҚ ҰЛАНДА «НАУРЫЗНАМА» ОНКҮНДІГІ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Кеше 19:25

Қостанай облысының 4365 педагогі кітап оқу марафонында 15 кітаптан оқыды

Кеше 18:14

Алматыда Ұлттық киім күніне орай сән көрсетілімдері өтті

Кеше 18:04

Қаламгер рухына құрмет

Кеше 17:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика