AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тұрғын үй жалдау үшін несие тарихы тексерілмейді

Тұрғын үй жалдау үшін несие тарихы тексерілмейді

Әлеумет 04.02.2022, 12:40 1,389
Тұрғын үй жалдау үшін несие тарихы тексерілмейді
Сурет: Inform.kz

Қазір ереженің жобасы талқыланып жатыр.


Тұрғын үй жалдау субсидиясын төлеу ережелерін мамыр айында бекітіп, іске қосу жоспарланған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Тұрғын үй жалдау субсидиясын алуға өтініш берушілердің несие тарихы тексерілмейді. Бұл туралы «Хабар» телеарнасындағы «Бүгін» бағдарламасында белгілі болды.



«Өтініш берушілерге төлем қабілетін растау керек. «Баспана маркет» порталына өтінім бергеннен кейін төлем қабілетін банк автоматты түрде есептейді. Яғни, дереккқорлардан бүкіл ақпарат алынады. Оның ішінде сіздің айлығыңыз, барлық төлемдеріңіз, еңбек демалысының өтемақысы болса, соның бәрі кіреді. Кәсіпкер ретінде тіркелген болсаңыз, кәсіпкерлік табысыңыз кіреді. Сол отбасы алатын зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер де төлем қабілеті ретінде есепке алынады. Осы табыстың бәрін жан басына шағып, 6 айдың ішіндегі табысын есептейді», - деді «Отбасы банк» акционерлік қоғамы орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай.



Бағдарлама барысында «Тұрғын үй жалдау субсидиясын алғысы келетін отбасының несие тарихы жағымсыз болса, не істеу керек?» деген сауал қойылды. «Несие тарихы қаралмайды», - деп қысқа қайырды Жансұлтан Матай.


Айта кетейік, тұрғын үй жалдау субсидиясын төлеу ережелерін мамыр айында бекітіп, іске қосу жоспарланған. Қазір ереженің жобасы талқыланып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тұрғын #үй #Субсидия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтып, атаулы жеделхаттар жолдады

Кеше 21:42

Президенттің атына көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр

Кеше 21:16

Қаражат атаулы әрі ашық түрде бөлінеді: Маңғыстауда қаза болған және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына қалай көмек көрсетіледі

Кеше 18:40

Каспий қасіретінен қаза тапқандарға көмек көрсету үшін шот ашылды

Кеше 18:30

Кінәлілер жауаптан жалтармайды – Қорғаныс министрі Каспийдегі қайғылы жағдай туралы мәлімдеме жасады

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);