Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Тұрғын үй "бумы": 6 жылда 871 мың пәтер пайдалану...

Тұрғын үй "бумы": 6 жылда 871 мың пәтер пайдалануға берілген

Мұны білген жөн 13.08.2025, 11:37 621
Тұрғын үй "бумы":  6 жылда 871 мың пәтер пайдалануға берілген
Pixabay.com

Қазақстанда кейінгі 6 жылда қанша үй бой көтеріп, баспана пайдалануға берілді? Өңірлік көрсеткіш қандай? Аqshamnews.kz бұл сұрақтардың жауабын білу үшін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне арнайы сауал жолдады. 

Министрлік мәліметінше, 2019-2024 жылдары елімізде тұрғын үй құрылысы тұрақты өсім көрсетіп, барлығы 97,9 млн шаршы метр немесе 871,4 мың пәтер ел игілігіне тапсырылды. Бұл кезеңде мемлекеттік бағдарламалар аясында әлеуметтік осал топтар, жастар және кредиттік тұрғын үйге мұқтаж отбасылар баспанамен қамтылды. Сонымен қатар, тұрғын үй құрылысына тартылған инвестиция көлемі 15,4 трлн теңгеден асқан. 

Тұрғын үй құрылысының жалпы көрсеткіштері:

Кейінгі алты жыл ішінде пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі жыл сайын оң көрсеткіш көрсетіп келеді:

  • 2019 жыл – 13,1 млн ш.м. (115,3 мың пәтер);

  • 2020 жыл – 15,3 млн ш.м. (139,1 мың пәтер);

  • 2021 жыл – 16,9 млн ш.м. (149,5 мың пәтер);

  • 2022 жыл – 15,7 млн ш.м. (133,2 мың пәтер);

  • 2023 жыл – 17,8 млн ш.м. (160,4 мың пәтер);

  • 2024 жыл – 19,1 млн ш.м. (173,9 мың пәтер) берілген. 

Мемлекеттік бағдарламалар аясында қанша тұрғын үй тапсырылды?

1. Әлеуметтік жалға берілетін үйлер:
2019-2024 жылдары 77 357 пәтер салынып, сатып алынды. Оның ішінде жұмыс істейтін жастар үшін – 12 536 пәтер.

  • 2019 жыл – 14 428 пәтер,
  • 2020 жыл – 9 534 пәтер,
  • 2021 жыл – 12 159 пәтер,
  • 2022 жыл – 6 534 пәтер,
  • 2023 жыл – 13 657 пәтер,
  • 2024 жыл – 21 045 пәтер.

2. Кредиттік тұрғын үйлер:
78 031 пәтер салынды.

3. Жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар:
Отбасы банк арқылы 2% мөлшерлемемен – 22 022 қарыз, 5% мөлшерлемемен – 58 450 қарыз берілді.

4. Жеке тұрғын үй құрылысына жер:
183,4 мың жер учаскесі инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді.

Өңірлік көрсеткіштер

Республика көлемінде ең жоғары құрылыс көлемі

  • Астана (15,15 млн ш.м., 162 мың пәтер)
  • Шымкентте (12,96 млн ш.м., 146,3 мың пәтер) тіркелді.
  • Алматы қаласында – 10,66 млн ш.м. (98,6 мың пәтер),
  • Маңғыстау облысында – 5,15 млн ш.м. (37,1 мың пәтер),
  • Атырау облысында – 5,0 млн ш.м. (37,3 мың пәтер) пайдалануға берілді.

Кейбір облыстарда жылдар аралығында айтарлықтай өсім байқалды. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында 2022 жылдан кейінгі үш жылда жылдық көрсеткіш бірнеше есе артқан.

Инвестициялар

2019-2024 жылдары тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемі 15,4 трлн теңге болды.
Жылдар бойынша бөлініс:

  • 2019 – 1 475,5 млрд тг

  • 2020 – 1 989,3 млрд тг

  • 2021 – 2 434,3 млрд тг

  • 2022 – 2 902,2 млрд тг

  • 2023 – 3 067,2 млрд тг

  • 2024 – 3 542,4 млрд тг

Қазір қанша құрылыс компаниясы тіркелген?

Министрлікте тіркелген компаниялар санына қатысты мәліметтер жоқ. Дегенмен, "e-license" порталының деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге берілген қолданыстағы лицензиялардың саны:

  • 1-санат – 4 337 лицензия;

  • 2-санат – 13 731 лицензия;

  • 3-санат – 39 232 лицензия берілген.

Бес жылдағы өзгерістер

2025 жылы экономикалық өсімді қолдау мақсатында 19,2 млн шаршы метр тұрғын үйді (170 мыңнан астам пәтер) пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #құрылыс #баспана #өзгеріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика