AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Тұрар Рысқұлов туралы сериал келесі айдан бастап «...

Тұрар Рысқұлов туралы сериал келесі айдан бастап «Almaty» экранынан көрсетіледі

Не? Қайда? Қашан? 23.09.2021, 08:48 1,527
Тұрар Рысқұлов туралы сериал келесі айдан бастап «Almaty»  экранынан көрсетіледі
Сурет: Egemen.kz

«Қызыл жебе» тарихи сериалы көрерменге жол тартады


Мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловқа арналған «Қызыл жебе» атты тарихи сериалдың түсірілімі аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Egemen.kz басылымының хабарлауынша, сценарий Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» шығармасы желісімен жазылған.


Фильмде Тұрар Рысқұловтың рөлін Сырым Қашқабаев, әкесі Рысқұлды Еркебұлан Дайыров, Шерхан Мұртазаны Алдабек Шалбаев ойнайды. Жобаның жетекшісі, идея авторы – Нұржан Жалауқызы.


Фильмде 20-шы ғасырдың басындағы патшалық Ресейден кеткеннен кейінгі қазақ мемлекетінің қалыптасу кезеңі баяндалады. Фильмнің бас продюсері Ілияс Ысқақов: "Мақсатымыз сол кездегі қазақ зиялыларының ел ертеңі үшін атқарған еңбектерін бүгінгі ұрпаққа жеткізу болды", - дейді.



«Сол кезде Түркістан республикасын және Алашорда мемлекетін құру деген мәселелер көтерілді. Сол кездегі Тұрар мен алашордалықтар арасындағы келіспеушіліктер де осы фильмде айтылады. Дегенмен негізгі идея Рысқұловты сол кездегі ұлт жанашырларынан бөліп-жару емес, барлығының ойы қазақ елін қалай жеке мемлекет етеміз дегендерін көрсету болды. Алашорда, Түркістан республикасы боламыз дегендердің барлығы қазақтың болашағын, ертеңін ойлады. Жер тұтастығын сақтап қалу болды, міне, сол жолдағы қиян-кескі күресін көрсеткіміз келді»,- дейді ол.



Сонымен қатар ол Тұрар Рысқұлов жайлы бұған дейін айтылмай келген біраз тың дүниелер осы фильмде көрсетілетінін жеткізді. Әсіресе, Түркістан мемлекетін құру жолында Тұрардың Мұхамеджан Тынышбаев, Мұстафа Шоқаймен кездескен сәтеттері фильмде көрсетіледі.


Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен түсірілген аталған фильм қазан айының 11-нен бастап «Almaty» телеарнасынан көрсетіледі.










Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сериал #Тұлға #фильм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Бүгін 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Бүгін 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);