AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «Тұран» университетінде XV Turan Model United Nati...

«Тұран» университетінде XV Turan Model United Nations 2026 конференциясы басталды

Білім және ғылым 25.04.2026, 09:37 300 Дина
«Тұран» университетінде XV Turan Model United Nations 2026 конференциясы басталды

2026 жылғы 24–25 сәуір күндері «Тұран» университетінде XV Turan Model United Nations 2026 конференциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Іс-шараға Қазақстанның бірнеше қаласынан және көрші елдерден 350 делегат қатысуда. «Тұран» университеті бұл жобаны 15 жылдан бері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдігімен бірлесіп ұйымдастырып келеді.

Конференция қатысушыларына Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев арнайы құттықтау сөз жолдады.

Салтанатты ашылу рәсімі БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің бейнеқұттықтауымен басталды. Ресми бөлімге ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, БҰҰ жүйесінің өкілдері, сондай-ақ Қытай, АҚШ, Түркия, Польша, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Венгрия, Ресей, Әзербайжан және Нигерия дипломатиялық миссияларының өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Қорғаныс министрлігі, халықаралық академиялық және медиа қауымдастық өкілдері де келді.

Turan Model United Nations 2026 конференциясы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, жастар дипломатиясын ілгерілетуге және жас буынның жаһандық мәселелерге жауапкершілікпен қарауына бағытталған зияткерлік алаңға айналды. Іс-шара барысында қатысушылар кәсіби диалог құрып, идея алмасып, болашақ бірлескен бастамаларға негіз болатын байланыстар орнатты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шетелде тұратын қазақстандықтар да зейнетақы төлемдерін алуға құқылы – Конституциялық сот

Бүгін 12:13

Алматыда Мажарстанмен серіктестікті кеңейту мүмкіндіктері талқыланды

Бүгін 11:33

ҰБТ-дан 140 балл жинаған жалғыз түлек кім?

Бүгін 11:02

Димаш туралы деректі фильмнің трейлері жарияланды

Бүгін 10:10

Бүгін еліміздің барлық өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 09:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);