ffin.kz

Тұңғыш Президент күніне орай Алматы облысы ТЖД қызметкерлері марапатталды

Тұңғыш Президент күніне орай Алматы облысы ТЖД қызметкерлері марапатталды Cурет: ТЖД

Қазақстанда 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінде бірқатар іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қазақстанда 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні. Бұл күн кездейсоқ таңдалмады - дәл осы күні 1991 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ КСР Президенті лауазымына сайланды, ал екі аптадан кейін Тәуелсіз Қазақстанның басшысы болды.


Бүгінде біздің еліміз әлемде танымал, оның өз дамуын жетілдіру бойынша көптеген өршіл жобалары бар. Қазіргі Қазақстанның жетістіктері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси ерік-жігерінің, батылдығының, көрегендігінің арқасында мүмкін болды. Біздің Көшбасшымыздың жетістіктері шынайы құрметке ие, сондықтан біздің күнтізбемізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінің пайда болуы да заңды. Енді қыстың алғашқы күні, осы мереке атап өтілетін күн барлық қазақстандықтар үшін айтулы мейрам болды.


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінде карантиндік шараларды сақтай отырып, бейнеконференц байланыс режимінде салтанатты іс-шара өткізілді. Оған департамент аппаратының, аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелердің қызметкерлері қатысты. 


Салтанатты шарада Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Ерлан Дүйсенханұлы Ахашов құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның бірлігін, Конституцияны, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы болып табылатынын атап өтті, сондай-ақ елімізге гүлденуді, ал әрбір қызметкерге бейбітшілік, денсаулық, бақыт, отбасыларына жақсылық және амандық тіледі.


Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, мемлекеттік жүйесін дамытуға және нығайтуға белсенді қатысқаны үшін Алматы облысы ТЖД қызметкерлері: Еңбекшіқазақ ауданы ТЖБ бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі А.Н.Кондыбаев және Өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметінің кадр саясаты бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Д.Б.Кемелбаев Қазақстан Республикасы ТЖ министрлігінің грамоталарымен, Сарқанд ауданы ТЖБ бас маманы, азаматтық қорғау майоры Е.Ж.Тұрсынов Қазақстан Республикасы ТЖМ алғыс хатымен салтанатты түрде марапатталды. 


Сондай-ақ, Алматы облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметінің №6 ӨСБ бөлімшесінің командирі, азаматтық қорғау старшинасы Д.А. Еркіновқа және Балқаш ауданы ТЖБ бас маманына алғыс жарияланды.


Салтанатты шара барысында «ҚР Тұңғыш Президентінің жолы» атты деректі фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:12