AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тұман, жел, көктайғақ

Тұман, жел, көктайғақ

Әлеумет 19.10.2024, 10:05 1,221
Тұман, жел, көктайғақ
интернет

«Қазгидромет» РМК еліміздің 11 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.  

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Оралда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің күндізгі екпіні - 18 м/с.

Түнде Атырау облысының оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 17-22 м/с құрайды. Атырауда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Күндіз Алматы облысының орталығында, шығысында шығыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с құрайды. Қонаевта шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 17-22 м/с.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Петропавлда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Күндіз Қызылорда облысының батысында найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың орталығында, батысында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды деп күтіледі.

Түнде Маңғыстау облысының орталығында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі, көктайғақ болады деп күтіледі.

19-20 қазанда Жамбыл облысының батысында, шығысында, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Таразда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл ауданында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Талдықорғанда түнде сынап бағаны 5-7 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп күтіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #Ескерту #суық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Театртанушы Бағыбек Құндақбайұлына – 100 жыл

Бүгін 22:25

Мемлекет басшысы Каспий экология саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 19:01

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Бүгін 18:29

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңа тарихи меже алдындағы ортақ міндет – Достастықтың халықаралық беделді ұйым ретіндегі әлеуетін күшейтіп, жаңа геосаяси жағдайға бейімдеу»

Бүгін 18:12

Алматыда дәрігерлер инсульт алған науқастарды, тіпті терең қарттық шағында да аман алып қалуда

Бүгін 18:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);