ТРАМП КОНГРЕСС МІНБЕРІНДЕ

ТРАМП КОНГРЕСС МІНБЕРІНДЕ Сурет: Astanatv.kz

Экс-президент пен демократтарды сынға алды

 

5 наурызда Дональд Трамп Конгрестің алдында сөз сөйледі. Трамп президент лауазымына кіріскелі бері алғаш рет қос палатаның бірлескен отырысына қатысты. Жергілікті басылымдар президент 100 минут бойы сөз сөйледі деп жазуда. Бұл сол елдің президенттері тарихындағы рекорд болып тіркелді. АҚШ президенті өз сөзінде ішкі мәселелерге баса назар аударды. Сыртқы саясатқа аса мән бермеді. Оның сөздеріне бүкіл әлем көз тікті, маңызды тұстарын атап өтейік.

 

Демократтарға қарсы саяси риторика

Дональд Трамп жергілікті уақыт бойынша 4 наурызда, ал Астананың уақытымен 5 наурызда Конгресс алдында сөз сөйледі. Міне, содан бері әлемдік басылымдар, саясаткерлер мен мемлекеттер оның мәлімдемелерін талқылауда. Себебі,  оның мәлімдемелері мен қабылдаған шешімдері АҚШ-тың ішкі және сыртқы саясатын, әлемдік саясатты түбегейлі өзгертуде. Әсіресе, сыртқы саясаты халықаралық қатынастар жүйесіне көлемді өзгеріс әкелуде. ЕО, БҰҰ, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы, Ресей мен Украина, Қытай, Мексика, Канада секілді мемлекеттер мен ұйымдар арасындағы қарым-қатынасында ұлттық мүддеге басымдық беріп жатыр. Ол сыртқы саясатта қабылдаған шешімдерін тізбектей келе «Америка қайта оралды» деп мәлімдеді.

 

Дегенмен, Конгресс алдында сыртқы саясатқа қарағанда елдің ішкі мәселелеріне баса назар аударды. Трамп 100 минут бойы демократтар мен экс-президент Джо Байденнің саясатын сынға алды. Мәлімдемелерінің басым бөлігін демократтарға қарата айтты. Бұдан депутаттар алдындағы сөздерін бұрынғы әкімшілікке қарсы арнайы дайындалған саяси риторика екеніне көзіміз жетті. 

 

Демократтар да жиында өздеріне қарсы мәлімдемелер айтылатынына дайын болған секілді. Олар саны жағынан республикалықтардан аз болғанымен, саяси наразылық көрсетуде креативті екенін дәлелдеді. Олар әртүрлі тактика қолданды. Бір топ депутаттар наразылығын көрсетіп президенттің сөзін соңына дейін тыңдамай Капитолийден шығып кетті. Екінші топ әйел депутаттар күлгін түстес киіммен келіп наразылығын көрсетті. Үшінші топ «Дұрыс емес», «Өтірік» деген жазуы бар тақтайшаларды ұстап, президенттің мәлімдемелерінен кейін оларды қолымен көтерді. Сонымен қатар, демократтардың бәрі Трамптың сөздеріне орындарынан тұрып қол соғып қолдау көрсетпеді. Керісінше, республикалықтар президенттің әр сөзінен кейін орындарынан тұрып қол соғып қолдау көрсетті. 

    

Ішкі мәселеге басымдық берді

 

Трамп Джо Байденнің 4 жылда қабылдаған барлық дерлік шешімдерін сынға алды. Әсіресе, солшыл бағыттағы және экономикалық саясаттағы шешімдері көбірек сыналды. Оның ішінде инфляция, жұмыссыздық, салықтың артуы, жоғары пайыздық үстеме, аборт, инклюзивтілік пен азшыл топтардық құқығын қорғауды атап өткен жөн. Трамп елде екі ғана гендер бар екенін, азаматтар мемлекеттік және өзге де қызметте меритократия қағидатымен жоғарылайтынын мәлімдеді. Джо Байден азшыл топтарға көбірек мүмкіндік берген болатын.

 

Сонымен қатар, Трамп Илон Масктің де еңбегін ерекше атап өтті. Ол билікке келісімен Тиімділік департаментін құру туралы тапсырма берді. Оны белгілі кәсіпкер Маск басқаруда. Департаментті құрудағы мақсат мемлекеттік басқару жүйесіне реформа жасау. Департамент басшысы бюджетке, мемлекеттік қызмет жүйесін толық аудит жасады. Соның нәтижесінде 10 мыңға жуық мемлекеттік қызметші қысқартылды. Олардың жұмысын цифрландыруды жүзеге асыруда. Қазірдің өзінде өзге елдерге бөлінетін қаржыны миллиардтап қысқартты. Мысалы, USAID қызметі уақытша тоқтатылып, осы уақытқа дейін бөлінген қаржыға аудит жасалуда. Және де бұл жұмысты Маск ары қарай жалғастырмақ. Жақын арада бұдан да көп адам жұмыссыз қалуы мүмкін. 

 

Салық пен бюджет саясаты да өзгеруде. Трамп федералды бюджетті балансқа келтіруге уәде берді. Егер уәдесін жүзеге асырса елдің сыртқы қарызы азаймақ. Ол үшін мемлекеттік қызмет пен бюджеттік шығындарды қысқартып қана қоймай, салық мөлшерін де азайтуды жоспарлап отыр. 

 

Трамп заңсыз миграцияға түбегейлі тосқауыл қоймақ. Ол үшін заңсыз мигранттарды жазалау әдісін қолдана беретінін мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, бұл әдіс қазірдің өзінде жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. 

 

Трамптың Конгресс алдындағы сөздері демократтардың саяси беделіне нұқсан келтіру мақсатын көздесе, мақсаты жүзеге асты дей аламыз. Себебі, оның мәлімдемелері мен шешімдері популизмге ұқсағанымен америкалықтардың көпшілігіне ұнайтыны сөзсіз. Ал ол уәделері толық жүзеге аса ма, аспай ма, уақыт көрсетеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:22

16:15

15:54

15:11

14:41

14:22

13:53

13:09

12:44

12:02

11:06

10:40

10:05

17:15

15:05

15:05

14:41

14:14

13:43

13:13

12:52

12:12

11:34

11:06

10:45