AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Тоқаев Жапаровты Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен...

Тоқаев Жапаровты Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Саясат Бүгін 09:32 36
Тоқаев Жапаровты Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: пресс-служба Акорды

Мемлекет басшысы Қырғызстан Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай Президент Садыр Жапаровқа құттықтау жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

"Бұл айтулы мереке қырғыз халқының еркіндікке, дербестік пен тәуелсіздікке ұмтылысын айшықтайды. Осы жылдар ішінде Қырғызстан ел болып еңсе тіктеуден бастап, орнықты дамуға дейінгі жолды абыроймен еңсерді. Мемлекеттіліктің іргесін бекітіп, бай рухани мұрасын сақтап қалды. Халықаралық аренада беделді елге айналды. Бұған Қырғыз Республикасының 2027-2028 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы жарқын мысал бола алады", – деп жазылған құттықтауда.

Жеделхатта елдерімізді ғасырлардан тамыр тартатын достық пен тату көршілікке негізделген бауырластық қарым-қатынас байланыстыратыны атап өтілген. Президент стратегиялық серіктестік пен одақтастық қос халықтың игілігі жолында қарқынды түрде нығая беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас қырғыз халқына құт-береке тіледі.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Ердоғанның биыл Түркияда өтетін жоғары деңгейдегі бірқатар кездесуге шақыруын ықыласпен қабыл алды

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қасым-Жомарт Тоқаев #қырғызстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов ҚР Премьер-министрі лауазымына қайта сайланды

Бүгін 11:24

Ерлан Қарин вице-президент болды

Бүгін 11:10

ALMATY SUMMER FEST: биылғы жаздың жарқын оқиғасы

Бүгін 11:07

Президент Құрылтайдағы партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті

Бүгін 11:03

Президент мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге қатысты Жарлыққа қол қойды

Бүгін 10:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);