AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттық...

Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

Билік 01.03.2026, 09:03 398
Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күніне орай қазақстандықтарды құттықтап, бірлік пен өзара құрметтің маңызын атап өтті, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Президент Алғыс айту күні – халқымыздың ең асыл құндылықтарын дәріптейтін ерекше мереке екенін айтты. Оның сөзінше, өзара құрмет, жанашырлық пен тілеулестік – ұлтымыздың бойына сіңген қасиеттер.

Мемлекет басшысы бұл күні ең алдымен қиын-қыстау кезеңдерде елді аман сақтап, ұрпаққа мол мұра қалдырған ата-бабаларға тағзым жасалатынын жеткізді. Сондай-ақ ұстаздар, дәрігерлер, мәдениет саласы қызметкерлері, кәсіпкерлер, жұмысшылар, тәртіп сақшылары, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың еңбегіне алғыс білдірді.

Президент жастар мен еріктілердің қоғам игілігі жолындағы белсенді еңбегін ерекше атап өтіп, олардың ісін жасампаз әрі жауапты отаншылдықтың айқын көрінісі деп бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз тарихи бетбұрыс кезеңіне қадам басқанын айтып, республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасы адам құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіруге және Тәуелсіздікті нығайтуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Сондай-ақ Алғыс айту күні ел тағдыры әр азаматтың қолында екенін айқын көрсететінін атап өтті. Президент заң мен тәртіпті, ынтымақ пен бірлікті ту еткен жағдайда Қуатты, Әділетті, Таза және Өркендеген Қазақстанды бірге құруға болатынын айтты.

Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарға амандық пен табыс тіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);