Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тоқаев православ қауымын Пасха мерекесімен құттықт...

Тоқаев православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады

Әлеумет Бүгін 09:59 37
Тоқаев православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Христиан жылнамасында ерекше орын алатын бұл мереке үміт пен сүйіспеншіліктің, рухани жаңарудың символы саналады. Пасха мейрамында және оған дайындық кезеңінде жанашырлық, мейірімділік, тату көршілік, өзара көмек қасиеттері ел ішінде кеңінен дәріптеледі.

"Православ қауымы қоғамда әділдік, бейбітшілік, келісім, төзімділік және сенім қағидаттарын қалыптастыруға елеулі үлес қосып келеді. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан Пасха дәстүрі отбасындағы ынтымақты сақтауға және адамгершілік қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді, үлкенге құрмет көрсетіп, жақыныңа жанашыр болуға баулиды", -деді мемлекет басшысы.

Президенттің сөзінше, ұлттық бірлік пен конфессияаралық келісімнің сақталуы, дәстүрлі құндылықтар мен жан-жақты жаңғыруға деген ұмтылыстың үйлесім табуы еліміздің өсіп-өркендеуіне арқау болып отыр.

"Халқымыз бейбітшілік пен тұрақтылық, заң мен тәртіп, білім мен инновация, қоршаған ортаға қамқорлық пен тазалық қағидаттары берік орныққан озық елде өмір сүріп, еңбек етуге ұмтылады. Республикалық референдумда қабылданған Халық Конституциясы – соның айқын дәлелі. Біз қастерлі Отанымыздың болашағы жолындағы ортақ жауапкершілікті терең сезіне білсек, кез келген сын-қатерді еңсеріп, биік мақсаттарымызға жететінімізге кәміл сенемін. Осы жарқын мереке әрбір шаңыраққа шаттық пен бақ-береке сыйласын! Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт және толағай табыс тілеймін!", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Пасха мерекесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астрофизик: Айға қайта оралу – ғылым үшін жаңа кезең 

Бүгін 12:01

Астрономияны білсеңіз, астрологияға сенбейсіз – астрофизик пікірі

Бүгін 11:56

Қазақстанда ғалым қанша табыс табады?

Бүгін 11:52

2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды

Бүгін 11:44

Адамды адам етіп қалыптастыру: Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?

Бүгін 11:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика