конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Тоқаев Назарбаев пен Путиннің кездесуіне қатысты п...

Тоқаев Назарбаев пен Путиннің кездесуіне қатысты пікір білдірді

Билік 05.01.2026, 09:46 732
Тоқаев Назарбаев пен Путиннің кездесуіне қатысты пікір білдірді
kremlin.ru

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Turkistan газетіне берген сұхбатында Жаңа жыл қарсаңында Кремльде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі жөнінде пікір білдірді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Сұхбат барысында журналист бұл кездесуге қатысты түрлі пікірлер мен қауесеттердің тарағанын атап өтті. Тіпті 2029 жылы Қазақстандағы билік транзиті талқыланғаны, ал Назарбаевтың бұл үдерісте шешуші рөл атқарғысы келетіні, әрине, Путиннің жеке қолдауымен жүзеге асуы мүмкін екені жөнінде әңгімелер айтылып жүргенін жеткізді.

"Тұрақты түрде өткізіліп жүрген кездесулер бейресми сипатқа ие. Мұны Ресей президентінің өзі де атап өтеді. Таяуда өткен Санкт-Петербургтегі басқосуда Владимир Путин маған Нұрсұлтан Назарбаевты оның өтініп сұрауы бойынша қабылдайтынын айтқан еді. Ресей президентінің ерекшелігі: ол достарымен және әріптестерімен жылы қарым-қатынас құра біледі. Жұмысы өте қарбалас болса да, сенбі күні Қазақстанның тұңғыш президентімен асықпай әңгімелесуге уақытын бөлді. Ол Нұрсұлтан Назарбаевты Еуразиядағы ықпалдастық үдерісінің бастауында тұрған тәжірибелі саясаткер ретінде бағалайды. Ресей бұл үдерісте жетекші рөл атқарып отыр. Кремльдегі кездесу Владимир Путиннің адамгершілігі жоғары екенін көрсетеді.

Ондай әңгімелер барысында не айтылғаны маған қызық емес, бұл туралы ешқашан сұрақ қоймаймын.     

Ал Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке басына келер болсақ, мен оны қазіргі қазақ мемлекеттігінің негізін қалаған тұлға деп санайтынымды бірнеше рет айттым. Оның мемлекеттік институттарды және экономиканың нарықтық тетіктерін құру, жаңа астанамызды салу жолындағы еңбегін бәрі біледі. Өзіңізге мәлім, біз Қазақстанды Әділдік, Заң және Тәртіп орнаған ел еткіміз келеді. Сондықтан ешкімді алаламай, әр азаматтың еңбегін әділ бағалау керек. Бұл еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа да қатысты", - деді Президент. 

Ал билік транзиті туралы сұраққа Қасым-Жомарт Тоқаев былай жауап берген: "Бұл жөнінде сөз қозғауға әлі ерте, алдымызда табанды жұмысқа толы бірнеше жыл бар".

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #Назарбаев #Путин #сұхбат #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Жетісу ауданында 8 шақырымнан астам су құбыры және кәріз желілері жаңартылып жатыр

Бүгін 09:31

«Бұл – жаңа дәуірдің бастауы». Актер Бақыт Тушаев қазақстандықтарды Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға шақырды

Кеше 18:23

Алматы жастары қала тұрғындарын Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға шақырды

Кеше 18:20

ӘЧ-2026-дан кейін «Алтын допқа» басты үміткерлер белгілі болды

Кеше 15:33

Алматыда көптонналы жүк көлігі бетон қоршауға соғылды

Кеше 14:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);