AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Тоқаев: Мәслихат депутаттары халық пен билік арасы...

Тоқаев: Мәслихат депутаттары халық пен билік арасындағы көпір болуға тиіс

Билік 12.03.2026, 15:09 196 dulatbekova
Тоқаев: Мәслихат депутаттары халық пен билік арасындағы көпір болуға тиіс
Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында халықпен ашық әрі түсінікті диалог орнатудың маңызын атап өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Президенттің айтуынша, жергілікті билік тұрғындардың мәселесін дер кезінде шешіп, олардың сенімін арттыруға күш салуы керек.

Президент соңғы жылдары орталыққа өңірлерден келіп түсетін арыз-шағымдардың саны артқанын айтты. Былтыр Президент Әкімшілігіне шамамен 83 мың өтініш түскен, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 30 пайызға көп.

Мемлекет басшысы көптеген мәселені жергілікті деңгейде шешуге болатынын атап өтті. Алайда кей жағдайда тұрғындар өңірлік биліктен түсініктеме ала алмағандықтан, тікелей Президентке жүгінуге мәжбүр болады.

«Мәслихат депутаттары халық пен билік арасындағы көпір болуға тиіс. Олар тұрғындардың мәселесін шешуге көмектесуі керек. Бұл жұмысқа олардың құзыреті толық жетеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, былтыр облыстық деңгейдегі атқарушы органдарға шамамен 6 мың депутаттық сауал жолданған. Дегенмен, олардың саны емес, сапасы маңызды.

Мемлекет басшысы аймақтардың дамуы, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және азаматтардың билікке деген сенімі депутаттардың жұмысына тікелей байланысты екенін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мәслихат #Депутаттар #президент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап оқудың маңызы зор

Бүгін 17:28

Қазақстанның төрт боксшысы Әлем кубогі финалына шықты

Бүгін 15:44

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Бүгін 14:43

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Бүгін 12:24

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 11:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика