Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Тоқаев IT-кәсіпкерлер Ерзат Дулат пен Мұрат Әбдір...

Тоқаев IT-кәсіпкерлер Ерзат Дулат пен Мұрат Әбдірахмановты қабылдады

Билік 28.01.2026, 17:08 259
Тоқаев  IT-кәсіпкерлер Ерзат Дулат пен Мұрат Әбдірахмановты қабылдады
Ақорда

Мемлекет басшысы қазақстандық IT-кәсіпкерлер Ерзат Дулат пен Мұрат Әбдірахмановты қабылдады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Higgsfield AI стартапының техникалық директоры Ерзат Дулатпен және MA7 Ventures венчурлік платформасының негізін қалаушы Мұрат Әбдірахмановпен кездесіп, жасанды интеллектіні экономикаға, мемлекеттік басқару ісіне және әлеуметтік салаға жүйелі түрде енгізу, сондай-ақ IT-кәсіпкерлікті, венчурлік және AI-индустрияны дамыту мәселелерін талқылады. 

Президент Higgsfield AI стартапының жетістігін жоғары бағалап, елімізде жасанды интеллект саласында жаһандық көшбасшы саналатын компанияның құрылуы зор табыс екенін айтты. 

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан IT саласындағы компаниялар тез арада іске қосылып, қарқынды түрде дамып, әлемдік нарыққа шығатын алаңға айналуы қажет. Бұл – негізгі міндет. 

Ерзат Дулат Higgsfield командасының 95 пайызы қазақстандықтардан құралғанын, бұл жастардың әлеуетін танытатынын жеткізді. Сонымен қатар ол AI-индустрияға қажетті кадр даярлау және бірлескен білім беру бастамаларын жүзеге асыру ісінде мемлекетпен серіктес болуға дайын екенін растады.

Мұрат Әбдірахманов венчурлік индустрия мемлекеттердің технологиялық дамуының тетігі саналатынына тоқталды. Бұл орайда Қазақстанның жаһандық венчурлік индустрияның толық қатысушысы болуға мүмкіндігі зор.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақорда #Тоқаев #кәсіпкерлер #қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда референдум учаскесінің алдында Абайдың «Көзімнің қарасы» әні орындалды

Бүгін 17:32

«Бүгін мен алғаш рет дауыс бердім»: Алматыдағы референдумда 18 жастағы НЗМ оқушысы әсерін бөлісті

Бүгін 17:26

«Алматым махаббатым» әні референдум учаскесінің алдында шырқалды: жастар мерекелік перформанс ұйымдастырды

Бүгін 17:25

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов те өз таңдауын жасады

Бүгін 16:43

Алматы 2024 жылғы референдумдағы дауыс беру бойынша өз көрсеткішінен асып түсті

Бүгін 16:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика