конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Тоқаев халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары ме...

Тоқаев халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен кездесті

Білім және ғылым Бүгін 11:07 34
Тоқаев халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен кездесті

Еліміздің әр өңірінен келген 21 жеңімпаз бен жүлдегердің қатарында Алматы қаласының 8 оқушысы болды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматының жас дарындары физика, химия, биология және математика пәндері бойынша халықаралық олимпиадаларда жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы 9 медальды – 1 алтын, 6 күміс және 2 қола жүлдені ел қоржынына салды.

🌟 Алматы қаласының жас олимпиадашылары:

🥇 Черемнов Роман — «Мирас» мектебі

Халықаралық физика олимпиадасы (IPhO) — алтын медаль

🥈 Аширханов Алихан — «Білім-Инновация» лицейі

Халықаралық биология олимпиадасы (IBO) — күміс медаль

🥈 Мурат Тимур — Haileybury Almaty мектебі

Халықаралық математика олимпиадасы (IMO) — күміс медаль

🥉 Алтынбек Ерасыл — «Nurorda» мектебі

Халықаралық математика олимпиадасы (IMO) — қола медаль

🥈 Еркебуланы Али — «Nurorda» мектебі

Халықаралық математика олимпиадасы (IMO) — күміс медаль

🥈 Полетаев Данил — №134 лицей

Халықаралық химия олимпиадасы (IChO) — күміс медаль

🥈 Бейганов Батырхан — Республикалық физика-математика мектебі

Халықаралық математика олимпиадасы — күміс медаль

🥈 Желтова Софья — Назарбаев Зияткерлік мектебі

Халықаралық биология олимпиадасы — күміс медаль

🥉 Аманжолов Амирлан — Haileybury Almaty мектебі

Халықаралық математика олимпиадасы (IMO) — қола медаль

Шәкірттері беделді халықаралық жарыстарда топ жарған ұстаздар мен тәлімгерлер де жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен білім беру саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:

🔹 №134 лицейдің мұғалімі Ирина Нестеренко — «Құрмет» орденімен;

🔹 «Haileybury Almaty» мектебінің мұғалімі Владимир Жук — «Ерен еңбегі үшін» медалімен;

🔹 Республикалық физика-математика мектебінің мұғалімі Бақыт Мамышев — «Шапағат» медалімен марапатталды.

Президент дарынды жастарды халықаралық аренадағы жарқын жетістіктерімен құттықтап, олардың әрбір жеңісі ел үшін аса маңызды екенін атап өтті.

«Әрқайсыңыз – еліміздің нағыз мақтанышысыздар!»

Алматының жас олимпиадашылары – ел мақтанышы!

Білім мен ғылым жолындағы жеңістеріңіз көбейіп, биіктеріңіз бұдан да асқақтай берсін! Еліміздің көк байрағын әлем төрінде биік ұстай беріңіздер!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#олимпиада
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жасанды интеллект музыканттың орнын баса алмайды

Бүгін 12:22

Алматы жасампаз кадрды жасанды интеллект дәуіріне даярлап жатыр

Бүгін 12:17

ШҚО-да семсерлесуден жастар арасында Қазақстан чемпионаты басталды

Бүгін 12:04

Алматыда тау кластері жобасы бойынша дайындық жұмыстары басталды

Бүгін 12:01

ШҚО-да ақша бопсалау дерегінің жолы кесілді

Бүгін 11:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);