AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Тоқаев Феридун Синирлиоғлыны қабылдады

Тоқаев Феридун Синирлиоғлыны қабылдады

Әлем 23.04.2026, 16:40 181 yakiya
Тоқаев Феридун Синирлиоғлыны қабылдады
Ақорда

Президент Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Феридун Синирлиоғлыны қабылдады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Өңірлік экологиялық саммиттің жұмысына белсене қатысқаны үшін Феридун Синирлиоғлыға ризашылығын білдіріп, бұл платформа Орталық Азия мен көрші аймақтарға ортақ экологиялық мәселелерді шешу жолын бірлесіп іздеуді көздейтінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Феридун Синирлиоғлы орнықты даму, климаттың тұрақтылығы, су ресурстарын тиімді басқару және өзара экономикалық байланысты кеңейту салаларындағы ықпалдастықты дамытуға ниет танытты.

Президент еліміз ЕҚЫҰ-мен барлық үш өлшем бойынша ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін растады. Ұйыммен арадағы серіктестік 2010 жылы өткен ЕҚЫҰ саммитінің Астана декларациясы қағидаттарына негізделгенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтары, демократия мен заң үстемдігі ұлттық басымдық ретінде қарастырылатынына назар аударды.

Президенттің айтуынша, еліміз Әділетті Қазақстан құру жолында ауқымды саяси және институционалдық жаңғыру бағдарламасын іске асырып жатыр.

Жақында өткен референдум мен жаңа Конституцияның қабылдануы еліміздің саяси жүйесін жаңартудағы маңызды кезең саналады. Қолға алынған реформалар заң үстемдігін нығайтуды, билік институттарының есептілігін арттыруды және мемлекетті басқарудың орнықты моделін қалыптастыруды көздейді.

Феридун Синирлиоғлы Өңірлік экологиялық саммитке шақырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Орталық Азия мен одан тысқары жерлердегі климат және экология күн тәртібін қалыптастырудағы Қазақстанның рөліне жоғары баға берді. Сонымен қатар Бас хатшы еліміздің Ұйым жұмысына ерекше үлес қосып отырғанын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Феридун Синирлиоғлы өңірлік және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ЕҚЫҰ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жаңа музыкалық толқындағы бес жыл: Алматыда мерейтойлық BEU Fest фестивалі дүркіреп өтті

Бүгін 13:39

584 педагог пен 3676 оқушы: Алматыдағы пилоттық жоба алғашқы нәтижесін көрсетті

Бүгін 13:36

Алматыда жазғы маусым ашық аспан астындағы үлкен концертпен ашылды

Бүгін 11:48

Қазгидромет тоғыз қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 10:09

Жел, жаңбыр, аптап: Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін 09:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);