Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Тоқаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минист...

Тоқаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевты қабылдады

Билік 09.02.2026, 12:09 176
Тоқаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевты қабылдады
Ақорда

Мемлекет басшысы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевты қабылдады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Президентке ведомство қызметінің биылғы басым бағыттары жөнінде баяндалды.

Асқарбек Ертаев:

  • халықты жұмыспен қамту жоспары жөнінде мәлімет берді. 

Уақытша шаралардан гөрі тұрақты және сапалы жұмыс орындарын ашу, еңбек ұтқырлығын арттыру және білім беру жүйесі мен нарық сұранысы арасында тығыз байланыс орнату жоспарланып отыр. Жастарды, соның ішінде NEET санатындағы азаматтарды жұмыспен қамтуға баса мән беріледі.

  •  атаулы әлеуметтік көмек жүйесін одан әрі жетілдіру жоспары таныстырды.

Министрлік цифрлық бағалау құралдары арқылы қолдау шараларының нақты адресіне жету мүмкіндігін кеңейтуге ниетті. Сонымен қатар көмек алатын әрі еңбекке жарамды азаматтарды міндетті түрде жұмыспен қамти отырып, әлеуметтік келісімшарт тәжірибесін кеңейтуді көздеп отыр.

  • зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету және зейнетақы төлемдерінің лайықты деңгейін сақтау жөнінде айтты. 

Мүгедектігі бар тұлғаларды әлеуметтік тұрғыдан қорғау мәселелеріне баса назар аударылды. Министрлік арнаулы әлеуметтік қызметтерді жан басына қарай қаржыландыру тетігін одан әрі дамытуды, олардың сапа стандарттарын арттыруды, оңалту қызметтері мен техникалық құралдарды қолжетімді етуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, инклюзивті жұмыс орындарын ашуға ден қояды.

  •  Көші-қон саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары жайында ақпарат берді.

Көші-қон үдерісін басқару және болжау деңгейін жақсарту, ішкі миграцияны теңгерімді жүргізу, елдегі еңбек нарығын қорғауға басымдық бере отырып, еңбек көші-қонын реттеуді жетілдіру көзделген.

Мемлекет басшысы:

халықты жұмыспен қамту, азаматтардың табысын ұлғайту, әлеуметтік қолдаудың шын мұқтаж жандарға жетуін бақылауды күшейту, зейнетақы жүйесін жетілдіру, теңгерімді көші-қон саясатын іске асыру, әлеуметтік қорғауда инклюзивті тәсілдерді дамыту, сондай-ақ цифрлық шешімдерді қолдану арқылы еңбекті қорғау жүйесін нығайту және қауіп-қатерлердің алдын алу бойынша бірқатар тапсырма берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақорда #қабылдау #Тоқаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алтын медаль: Ербол Хамитов Паралимпиада-2026 чемпионы атанды

Бүгін 17:27

«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі»

Бүгін 17:15

Тоқаев: Digital Qazaqstan халық мүддесіне қызмет ететін құжат болуы керек

Бүгін 16:25

Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді

Бүгін 16:15

KASE саудасында доллар бағамы төмендеді

Бүгін 16:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика