конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Төле би көшесін қала шекарасына дейін ұзарту жұмыс...

Төле би көшесін қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстары басталды

Әлеумет 04.05.2022, 02:53 1,539
Төле би көшесін қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстары басталды
rostof.ru

Төле би көшесін батыс бағытта ұзарту жұмысының бірінші учаскесі Яссауи көшесінен басталып, Әшімов көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. 22 жер телімі сатып алынды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі, жобаның мемлекеттік сараптамадан өткенін мәлім етті.



«Бюджет қаржысына жер телімдері сатып алынды. Қазір Төле би көшесін батыс бағытта ұзарту жұмысы басталып кетті. Бірінші учаскесі Яссауи көшесінен басталып, Әшімов көшесіне дейінгі аралықты қамтымақ. Жобаны 2023 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта 270 жер телімінің 22 учаскесі сатып алынды», - деп жауап берді әкімдік ҚазАқпарат агенттігі жолдаған сауалға.



2020 жылы Алматы Мобилділік басқармасының тапсырысымен құрылыстың жоба-сметалық құжаттамасы әзірленді. Ол тұрғындардың назарына ұсынылып, қоғамдық тыңдаудан өтті.



Төле би көшесі жалпы 4,5 шақырымға ұзарады. Жоба екі учаскеге бөлінген: бірінші учаске Яссауи көшесінен Әшімов көшесіне дейін, ұзындығы 2,2 шақырым, екінші учаскесі Әшімов көшесінен басталып, қаланың шекарасына дейін созылады. Бұл аумақта ұзындығы 2,3 шақырым жол жасалмақ.



Сондай-ақ әкімдік таратқан мәліметке сәйкес, биыл мамыр айының соңына дейін Әуезов көшесін Гоголь көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі ұзарту жұмыстары аяқталады. Оның ұзындығы 0,8 км, ені төрт жолақ болмақ.


Сонымен қатар, биыл Н.Тілендиев көшесі мен Солтүстік айналма жолы солтүстік бағытта Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін ұзартылады.


Жалпы 2030 жылға дейін Алматыда 38 көше ұзаратылады.


Сарапшылар жаңа көшелерді екі кезеңде салуды ұсынып отыр. Көшелердің бір бөлігін - 2025 жылға дейін, ал екіншісін - 2030 жылға дейін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #көшелер #жөндеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Қарасай батыр және Құлымбетов көшелерінде біржақты қозғалыстың пилоттық схемасы іске қосылады

Бүгін 20:33

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 20:18

Таиланд медицина қызметкерлері алматылық әріптестерінің тәжірибесін зерттеді

Бүгін 20:14

Алматыда қуықасты безі обырының алдын алу бойынша Ашық есік күні өтті

Бүгін 17:48

Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XLVII сессиясы өтті

Бүгін 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);