Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / ТӨЛ ӨНЕРДІҢ ЖАҢА НАСИХАТШЫЛАРЫ

ТӨЛ ӨНЕРДІҢ ЖАҢА НАСИХАТШЫЛАРЫ

Мәдени Алматы 14.03.2025, 13:55 820
ТӨЛ ӨНЕРДІҢ ЖАҢА НАСИХАТШЫЛАРЫ
almaty-akshamy.kz

·        Дәстүрлі өнер 

      Құрманғазы консерваториясының студенттік ансамблі  

Қазақтың дәстүрлі музыкасы – әні мен күйі мәдени мұрамыздың бай қазынасының бір бөлігі. Төл өнерді сақтап, дамытуда кәсіби өнерпаздар арасындағы ұрпақ сабақтастығы өзінше маңызды. Қазақ ұлттық өнерінің алтын бесігі саналатын  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы – еліміздегі кәсіби музыка мамандарын даярлайтын іргелі оқу орны. Бүгінде осы оқу ордасының қабырғасында түрлі студенттік ансамбльдер құрылып, күйшілік өнерді жаңғыртуда ерекше үлес қосып жүр.

Сондай шығармашыл топтардың бірі біздің бүгінгі тақырыбымызға арқау болды. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында құрылған жаңа студенттік ансамбль – төл өнерді дәріптеуді мақсат еткен жастардың бастамасы. Ансамбль мүшелері – қобыз бен домбыра аспаптарында шебер ойнайтын талантты студенттер. Үш жігіт пен үш қыздан құралған топ қазіргі таңда өздеріне лайықты ансамбль атауын ойластыру үстінде. Ресми атауы әлі бекітілмеген. Алайда, бұл олардың шығармашылық ізденістері мен мәдени іс-шараларда өнер көрсетуіне кедергі емес. Студенттік ансамбль консерватория қабырғасында өтетін түрлі концерттер мен жиындарда өнер көрсетіп келеді. Мұндай ансамбльдер қазақтың төл аспаптарын біріктіріп, дәстүрлі музыкаға өзгеше реңк қосады. Мысалы, қобыз бен домбыраның үндесуі ұлттық күйлер мен шығармаларға айрықша әр береді.

«Басты мақсат – қазақтың дәстүрлі музыкалық мұрасын дәріптеп, елдегі және халықаралық деңгейдегі байқауларға қатысу», – дейді ансамбльдің көркемдік жетекшісі Шолпан Задақызы.

Ал ансамбль мүшесі Айым Медет болашақта топ құрамын кеңейтіп, кәсіби деңгейін одан әрі жетілдіруді мақсат етеді. Айым Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы қобыз мамандығында 3-курста оқиды. Ол бала кезінен қобызға қызығып, келешектегі өнер жолын осы аспаппен байланыстырады. 

 

·                   Тақырыпқа орай

Шолпан ЗАДАҚЫЗЫ, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры:

Әр жас орындаушының парызы

Оқу орнында білім алып жүрген студенттер ұлттық аспаптарды меңгеріп қана қоймай, қазірден бастап кәсіби орындаушы ретінде шыңдалуы керек. Сондықтан осылай топ құрып, төл аспаптарымызды біріктіріп өнер көрсетуі оқытушылары үшін де өте маңызды. Мен Құрманғазы консерваториясы Халық музыкасы факультетінің Қобыз-баян кафедрасында дәріс беремін. Қобыз аспабына деген қызығушылық артқанын байқаймын. Қобыз мамандығына қабылданатын студенттер міндетті түрде балалар музыка мектебінде немесе музыкалық колледжде білім алып келеді. Яғни аспапты меңгеріп келеді. Ал консерваторияда деңгейін одан әрі жетілдіріп, нағыз өнер иесі болу үшін оқиды.

Бізде студенттердің дәстүрлі ансамбльдері көбіне өздерінің бастамасымен құрылады. Ұстаздары тарапынан әрдайым қолдау көрсетіп, шығармашылық бағытта демеп отырамыз. Қазақ музыкасын насихаттау әрбір жас орындаушының парызы деп ойлаймын. Орындаушылық шеберліктерін дамытады әрі қазақ музыкасының дамуына серпін береді. 

Әділет СӘБИТҰЛЫ, ансамбль мүшесі:

 Музыкада шектеу жоқ

Мамандығым – домбыра аспабы. Осыдан 3-4 ай бұрын студенттік ансамбль құрып, өнер көрсетуді бастадық. Қазақ халқының ұлттық аспаптарын, күйлерін кеңінен насихаттап, жұртшылыққа музыкалық мәдениетімізді тереңірек түсіндіргіміз келеді. Кейінгі кездері өзіміздің көне аспаптарына қызығып жүрмін. Қазір сыбызғыны үйреніп жүрмін. Әлемдік ұрмалы аспаптар қатарына жататын кахон аспабында да ойнай аламын. Шамамен, 100-ге жуық күй білемін. Менің ойымша, әр орындаушы күйді сапалы орындау керек. Кейбіреуі күйдің басын жақсы бастап, ортасында немесе соңында нотадан қателік жіберіп жатады. Ең бастысы – сапалы орындау. Ол авторға деген, ұлттық өнерге деген құрмет деп білемін.

Студенттік ансамбльге келер болсақ, біз көбіне консерватория ішіндегі іс-шараларда өнер көрсетеміз. Оқу орнының тарапынан бізге үлкен қолдау көрсетіледі. Ұлттық киімдермен қамтамасыз етіп, шығармашылығымызды дамытуға жағдай жасайды. Ансамбльдің кәсіби деңгейде дамуы үшін ұстаздарымыз да көмектесіп отырады.

Оқуымды аяқтаған соң қазақтың ұлттық өнерін әлемге танытуды армандаймын. Музыкада шектеу жоқ. Халық шығармаларымен шектеліп қалмай, әлемдік әуендерді домбыраға лайықтап орындауға болады. Төл аспаптардың мүмкіндігі де көп. Соны кеңінен пайдалану керек. 

Айым МЕДЕТ, студенттік ансамбльдің мүшесі:

«Адай» күйі жиі сұранысқа ие

Консерваторияға түскенге дейін музыкалық колледжде қобыз және фортепиано аспаптарын қатар меңгердім. Қазір осы екі аспапта ойнай аламын. Қобыз – күрделі аспаптардың бірі. Себебі, онда гриф жоқ, ал орындаушы саусақтарының ұшымен емес, тырнақпен ойнайды. Скрипкада саусақтың ұшымен ойнайды, ал қобызда дыбысты тырнақпен шығарамыз. Осыған байланысты кейде саусақ қажалып, қанап кететін кездер болады. Бірақ қобыздың үні жаныма жақын. Сол себепті, осы мамандықты таңдадым.

Қобыз бен домбырадан құралған ансамбль құру бастамасын Ақнұр деген 4-курс студенті көтерді.  Ансамбль репертуарында негізінен қазақтың дәстүрлі күйлері бар. Құрманғазы, Сүгір, Тәттімбет шығармаларын жиі орындаймыз. Көпшіліктің сұрауында да осы авторлардың күйлері.  Әсіресе, Құрманғазының «Адай» күйі жиі сұранысқа ие. Қазір консерваториядағы іс-шараларға, шағын концерттерге қатысып жүрміз. Ал болашақта республикалық және халықаралық мерекелік жиындарда ансамбль ретінде қатысуды жоспарлап отырмыз. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Домбыра #ансамбль #өнер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туристік серпін: Алматыға 2,5 млн-ға жуық адам келді

Бүгін 17:45

Шымкентте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа жатақхана ашылды

Бүгін 17:32

СҚО-да полицейлер алаяқтардың арбауына түскен екі зейнеткердің 6 млн теңгеге жуық ақшасын сақтап қалды

Бүгін 17:03

"Аяғымды кесіп тастауы мүмкін": Бетперде киген жігіт 15 жастағы қызға үй мен қаражат сыйлады (ВИДЕО)

Бүгін 16:42

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

Бүгін 16:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика