AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Токио төрт күндік жұмыс тәртібін енгізеді

Токио төрт күндік жұмыс тәртібін енгізеді

Әлем 07.12.2024, 16:18 1,106
Токио төрт күндік жұмыс тәртібін енгізеді
wikiway.com

Себебі, елде туу көрсеткіші төмендеп кеткен.

Токио билігі қатты төмендеп кеткен туу көрсеткішін көтеру мақсатында мемлекет қызметкерлерінің бәріне төрт күндік жұмыс аптасын енгізеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz CNN телеарнасына сілтеме жасап.

Қала әкімдігінің ақпаратына сай, қызметкерлерге аптасына үш күн демалуға мүмкіндік беретін өзгеріс сәуірде күшіне енеді. Бұған қоса бастауыш сыныпта оқитын баласы бар ата-аналарға жұмыстан ертерек босауға рұқсат беретін тағы бір өзгеріс жарияланды.

"Біз жұмыс істеу тәртібін қайта қараймыз. Енді ешкім бала туу немесе бала күтімі секілді үйдегі мәселелерге байланысты жұмыстағы мансабынан бас тартпайтын болады", - деп мәлімдеді Токио губернаторы Юрико Коикэ.

Жапонияда туу көрсеткіші көптеген жылдар бойы төмендеп кеткен. Үкіметтің жастарға отбасын құруға жағдай жасап жатқанына қарамастан, туу көрсеткіші жақсарар емес. Былтыр осы елде бар болғаны 727 277 бала дүниеге келген. Жапонияда әйелдердің орташа бала санына қатысты көрсеткіші 1,2 ғана болған. Халық санын тұрақты түрде ұстап тұру үшін мұндай көрсеткіш кем дегенде 2,1 болуы керек. Жапония үкіметі демографиялық дағдарысты еңсеру мақсатында түрлі бағдарламалар енгізіп жатыр. Бұл елде ер азаматтар бала күту үшін ақылы демалысқа шыға алады. Әлеуметтанушылардың көбі туу деңгейінің төмендеуін Жапониядағы еңбек мәдениеті мен өмір сүру құнының қымбаттауымен түсіндіреді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жапония #Токио #туу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Азаматтардың басым бөлігі алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын екенін білдірді

Бүгін 16:52

Қасым-Жомарт Тоқаев Deutsche Bahn компаниялар тобының басшыларымен кездесті

Бүгін 16:45

Алматылық оқушылар қарттарға құрмет көрсетті

Бүгін 16:45

Қоғам Тоқаевтың армияны реформалау туралы шешімін қолдайды  

Бүгін 16:40

Алматыда заңсыз жарнама құрылымдарын алып тастау жұмыстары жалғасып жатыр

Бүгін 16:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);