AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «ТК жоқ»: Алматы әкімі Ерболат Досаев №72 ескі мек...

«ТК жоқ»: Алматы әкімі Ерболат Досаев №72 ескі мектептің орнында 1200 орындық жаңасы салынатынын айтты

Әлеумет 18.07.2024, 12:26 1,359 dulatbekova
«ТК жоқ»: Алматы әкімі Ерболат Досаев №72 ескі мектептің орнында 1200 орындық жаңасы салынатынын айтты
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ескі №72 мектеп ғимаратының орнына жаңа мектеп салынады. Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаев Алматы қаласы Әуезов ауданы тұрғындарының сұрақтарына жауап бергенде айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Әкіммен кездесуге келген аудан тұрғыны №72 мектептің тағдыры туралы сұрап, оқу орнының орнында жаңа тұрғын үй кешендері салынатынына алаңдаушылық білдірді.  

«Бұл мектеп өте ескі, балалар  оқушыларға толық сыныптарда сапалы білім ала алмайды. Сондықтан біз ескі ғимаратты бұзып, жобалық қуатын 380-ден 1200 орынға дейін арттыра отырып, жаңа заманауи мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Ол үшін бізге қосымша жер қажет. Қала өсуде, халық саны өсуде, жаңа әлеуметтік нысандар қажет. Бүгінгі таңда тәуелсіз бағалаушы жылжымайтын мүліктің 40 иесіне тексеру жүргізді. Мұнда ешқандай тұрғын үй немесе коммерциялық нысандар салынбайды!»,- деді қала басшысы Ерболат Досаев. 

№72 жалпы білім беретін мектеп Таугүл шағын ауданында орналасқан.  Мектептің жобалық қуаты - 380 оқушы орны (іс жүзінде 494 бала барады). «Асыл Тас» ТК құрылысы мен ескі тұрғын үйді жаңарту бағдарламасының 8 кезегін іске асырғаннан кейін 2 мыңға жуық оқушы орны тапшы болады деп күтілуде. 

Бұған дейін аудан әкімдігі мектеп аумағын кеңейту мақсатында жер учаскесін алып қою туралы өтініш білдірген болатын. Бүгінгі күні бағалаушы жылжымайтын мүліктің 40 меншік иесі бойынша тексеру жүргізді.

Қазір ескісін бұза отырып, жаңа мектеп ғимаратының құрылысына ЖСҚ әзірленуде. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылдың II тоқсанында басталады, аяқталуы – 2026 жылдың I тоқсанына жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ескі мектеп #Жаңа мектеп #құрылыс #әкім #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);