AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ТЖМ әуе паркі Қазақстанда құрастырылған МИ-8АМТ ек...

ТЖМ әуе паркі Қазақстанда құрастырылған МИ-8АМТ екі жаңа тікұшағымен толықты

Әлеумет 25.06.2021, 08:37 1,724 Almaty-akshamy.kz.
ТЖМ әуе паркі Қазақстанда құрастырылған МИ-8АМТ екі жаңа тікұшағымен толықты
Сурет:Gov.kz.

ТЖМ әуе паркі Қазақстанда құрастырылған МИ-8АМТ екі жаңа тікұшағымен толықты


24 маусымда Алматы қаласында «№405 авиажөндеу зауыты» АҚ аумағында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне Қазақстанда құрастырылған Ми-8АМТ екі тікұшағын беру рәсімі өтті, деп хабарлады Almaaty-akshamy.kz ҚР ТЖМ таратхан хабарына сілтеме жасап. Іс-шараға Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев қатысты.


Ол 2020 жылғы желтоқсанда Қазақстанда құрастырылған Ми-8АМТ алғашқы 2 тікұшағы да Қазақстан ТЖМ-нің пайдалануына берілгенін атап өтті. Әуе кемелері Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында әзірлікте тұр. Олар Түркістан облысының тауларындағы іздестіру-құтқару операцияларына, шұғыл медициналық эвакуациялауға, орман авиациялық жұмыстарына және еліміздің аумағындағы су тасқыны қаупі бар кезеңде аэровизуалды барлау жұмыстарына жұмылдырылды.


ТЖМ тікұшақтар паркін толықтыру «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ, «№ 405 авиажөндеу зауыты» АҚ және «Ресей тікұшақтары» АҚ арасындағы үшжақты келісім аясында іске асырылады.


Тікұшақтар ТЖМ орындайтын міндеттерді ескере отырып қалыптастырылған. Олар жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға, зілзалалар мен табиғи апаттар аймақтарындағы авариялық-құтқару жұмыстарына, ормандарды күзетуге, өрт сөндіруге, сондай-ақ халыққа санитариялық авиация қызметтерін көрсетуге бейімделген.


Техника авиациялық қызметтер мен жұмыстардың кең спектрін орындауға арналған. Ол  заманауи жабдықтармен, ұшудың практикалық ауқымын 2 есеге арттыратын қосымша отын бактарымен жабдықталған.



Ми-8АМТ модификацияланған әуе кемесінде ұшуларды орындау үшін ТЖМ ұшу және инженерлік-техникалық құрамынан 18 адам (12 ұшқыш және 6 борт-механик) Ұлан-Удэ қаласындағы «Баргузин АК» авиациялық оқу орталығында ұшу даярлығынан өтті.


Іс-шара соңында бірінші вице-министр алдағы уақытта ТЖ министрлігінің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жұмыс жалғасатынын атап өтті. Ол табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде құтқару операцияларын жүргізудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.  




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Минздрав #коронавирус #заболеваемость #статистика #Қазақстан #ТЖМ #тікұшақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық боксшылар Сербиядағы турнирде жеті медаль жеңіп алды

Кеше 18:32

Өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі кикбоксингтен әлем чемпионы атанды

Кеше 18:29

Қазақстандық оқушылар OIBO-2026 халықаралық ашық биология олимпиадасына қатысуда

Кеше 18:26

Мәдениет шамы сөнбесін

Кеше 17:36

Астанада «Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);