конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум / Тіркелген мекенжайдан тыс дауыс беру тәртібі қанда...

Тіркелген мекенжайдан тыс дауыс беру тәртібі қандай?

Референдум 03.03.2026, 15:30 313 Сұлу
Тіркелген мекенжайдан тыс дауыс беру тәртібі қандай?
Алматы әкімдігі

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына қатысты өтетін жалпыұлттық референдум қарсаңында Алматыда дауыс беру тәртібі жөнінде тұрғындарды кеңінен хабардар етуге бағытталған қосымша шаралар қабылданды. Әсіресе, дауыс беру күні тіркелген мекенжайында болмайтын немесе өзге елді мекенге уақытша кететін азаматтарға арналған рәсімдер бойынша түсіндіру жұмыстары күшейтілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2026 жылы 15 наурызда тіркелген жерінде бола алмайтын азаматтар есептен шығару куәлігін рәсімдей алады. Ол үшін 14 наурыз сағат 18:00-ге дейін учаскелік комиссиясына жазбаша өтініш беріп, жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну қажет. Куәлікті сенімхат негізінде өкіл арқылы алуға болады. Бұл жағдайда сенімхатты нотариалды куәландыру талап етілмейді.

Есептен шығару куәлігі жоғалған жағдайда қайта берілмейді және телнұсқасы жасалмайды. Сонымен қатар бір елді мекен аумағындағы басқа учаскеде дауыс беруді жоспарлаған азаматтарға мұндай куәлік берілмейді. Дауыс беру күні азамат аталған құжатты нақты болатын учаскесіне ұсынғаннан кейін ғана дауыс берушілер тізіміне енгізіледі.

Тұрғындарға жедел ақпарат беру үшін 1308 нөмірі бойынша бірыңғай Call-орталық жұмыс істейді. Осы нөмір арқылы азаматтар референдумға қатысу құқығы бар азаматтар тізімінде бар-жоғын тексеріп, сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын нақтылай алады, сондай-ақ дауыс беру тәртібі мен учаскелердің жұмыс уақыты туралы мәлімет ала алады. Call-орталық күн сайын сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін, дауыс беру аяқталғанға дейін жұмыс істейді.

Қосымша ақпарат Алматы әкімдігінің ресми сайтында, open-almaty.kz порталында және @almaty_referendum2026_bot Telegram-боты арқылы қолжетімді. Ақпарат алу үшін жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу қажет. Алматыда барлығы 654 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Түсіндіру материалдары мен іс-қимыл алгоритмдері МИБ және ПИК ұйымдарына жолданып, олар арқылы тұрғын үй чаттарында, ақпараттық тақталарда және басқа да қолжетімді арналарда таратылуда. Қысқаша ақпараттық материалдар әкімдіктің ресми интернет-ресурстарында және әлеуметтік желілерде жарияланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда әлемдік UBTECH компаниясының шетелдегі алғашқы робот зауыты салынады

Бүгін 18:10

Маңғыстауда төрт адамның өліміне себеп болған жүргізуші 5 жылға сотталды

Бүгін 17:19

Алматыда алдағы аптап ыстыққа байланысты көшелерде аэрация жұмыстары ұйымдастырылады

Бүгін 16:26

Алматыда Summer Relay кешкі жүгіру эстафетасына байланысты сенбі күні көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:08

Алматыда қала келбетін дизайн-код талаптарына сәйкестендіру жұмыстары басталады

Бүгін 15:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);