AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қаржы / Tilashar коллекциялық монеталары сатылымға шығады

Tilashar коллекциялық монеталары сатылымға шығады

Қаржы 25.08.2022, 06:50 1,811
Tilashar коллекциялық монеталары сатылымға шығады
Сурет: Inform.kz

Қазақстан Ұлттық банкі ертең, 26 тамыздан бастап TILASHAR коллекциялық монеталарының сатылымға шығатынын мәлімдеді.


Тілашар – әр отбасының өмірінде көрініс табатын ерекше оқиғалардың бірі. Бұрын бұл ғұрып бала алғашқы сөздерді айта бастағаннан бастап жасалған. Бүгінгі таңда бұл дәстүр білім алу жолындағы алғашқы қадамды білдіреді.


Номиналы 500 теңгелік күмістен, номиналы 100 теңгелік мельхиордан және номиналы 100 теңгелік нейзильберден жасалған TILASHAR монеталары «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» сериясын жалғастырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Монетаның негізгі бетінде (аверсінде), орта тұсында ою-өрнек үстінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы, жиегінде QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY • REPUBLIC OF KAZAKHSTAN деген жазу, төменгі жағында монета номиналын білдіретін сандар орналасқан.


Монеталардың екіші бетінде (реверсінде) мектеп атрибуты элементтері бар балалар суретінің бейнесі берілген, сонымен бірге монета жасалған металдың сынамасы мен массасы, соғылған жылы көрсетілген.


Күмістен, мельхиордан және нейзильберден жасалған монеталардың бет жағы мен сырт келбетіндегі бейнелер бірдей. Күмістен жасалған монеталар түрлі-түсті эмаль жағу технологиясын қолдана отырып жасалған, мельхиордан жасалған монеталарда интерференциялық құбылмалы бет қабатын жағу технологиясы қолданылған.


Монеталар:


- 925/1000 сынамалы күмістен, proof сапамен жасалған номиналы 500 теңгелік монетаның массасы 24 грамм, диаметрі 37 мм, таралымы 5 000 дана;


- МН 25 мельхиор қоспасынан, brilliant uncirculated сапасымен жасалған номиналы 100 теңгелік монетаның массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, таралымы 30 000 дана;


- МНЦ 15-20 нейзильбер қоспасынан, brilliant uncirculated сапасымен жасалған номиналы 100 теңгелік монетаның массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, таралымы 100 000 дана.


Барлық монета нақты құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрі бойынша қабылдана береді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық банктеріндегі банк шоттарында аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.


Күмістен жасалған монеталар кәдесый орамында мемлекеттік тілде, орыс және ағылшын тілдерінде ҚҰБ-тың нөмірлік сапа сертификатымен шығарылады.


Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған. ҚҰБ-тың kazcoins.nationalbank.kz платформасындағы интернет-дүкен арқылы сатылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тілашар #коллекциялық монеталар #сатылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);