Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тіл мәртебесін көтеру болашаққа бағытталған қадам

Тіл мәртебесін көтеру болашаққа бағытталған қадам

Әлеумет 29.01.2025, 14:21 928
Тіл мәртебесін көтеру болашаққа бағытталған қадам
aqshamnews.kz

Қазақ тілі – халқымыздың баға жетпес рухани мұрасы, ұлттың тірегі. Ана тіліміздің мәртебесін көтеру, оны құрметтеп, кеңінен қолдану – әрбір қазақстандықтың басты міндеттерінің бірі. 

 

Бүгінде осы бағытта еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде қазақ тілінің маңыздылығын насихаттауға арналған бірқатар шаралар ұйымдастырылуда.

№37 жалпы білім беретін мектеп те бұл игі істерден шет қалған жоқ. Мектеп директоры Гүлмира Жақыбаеваның айтуынша, білім мекемесінде қазақ тілін тереңірек меңгеру, оның қоғамдағы орнын нығайту мақсатында бірнеше маңызды жобалар мен іс-шараларды жүзеге асырылып келеді.

«Тілге деген сүйіспеншілікті арттыру – басты мақсатымыз. Мектебімізде жыл сайын «Тіл – мәдениеттің айнасы» апталығы өткізіліп, оның аясында түрлі ашық сабақтар, дөңгелек үстелдер және шығармашылық байқаулар ұйымдастырылады. Бұл іс-шаралар оқушылардың ана тіліне деген қызығушылығын арттырып, олардың сөздік қорын байытады» - дейді мектеп басшысы.

  

Мектепте оқушылар арасында эссе байқауы, «Сөз мерген» сайысы, «Мақал-мәтелдерді білесің бе?» атты викториналар өткізіліп, тілге деген сүйіспеншілікті дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, ата-аналардың қатысуымен кездесулер өткізіліп, балалардың тілдік мәдениетін қалыптастырудағы отбасының рөлі талқыланады.

 

«Тіл сақшылары» жобасы – оқушылардың белсенді қадамы

 

Білім ошағындағы қолға алынған ерекше жобалардың бірі – «Тіл сақшылары». Бұл жоба оқушыларды тіл тазалығын сақтауға, дұрыс сөйлеуге, қатесіз жазуға баулуды мақсат етеді. Жоба аясында балалар тілдің қорғаушылары рөлін атқара отырып, оны құрметтеуге және қорғауға үйренеді. Бұл олардың тілдік сауаттылығын арттырып, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады.

 

Бірліктің символы

 

Қазақ тілін дәріптеуге бағытталған жұмыс барысында мектеп кітапханасында «Қазақ әдебиетінің інжу-маржандары» атты көрме ұйымдастырылып, оқушылар қазақ жазушылары мен ақындарының шығармаларымен танысады. Сонымен бірге, ұлттық ойындар, әдеби-музыкалық кештер мен мерекелік қойылымдар арқылы оқушылар ұлттық рухты бойларына сіңіреді.

 

Мектеп – ұлттық құндылықтардың бесігі

 

– Қазақ тілі – біздің болашағымыздың негізі. Мектеп – тек білім ордасы ғана емес, ұлттық құндылықтарды сақтап, ұрпақ бойына дарытатын рухани орталық. Сондықтан ана тілімізді қадірлеу, оның мәртебесін арттыру – біздің басты парызымыз.

Біз, мектеп ұстаздары, ата-аналар мен оқушылар, осы бағытта бірлесе жұмыс істей отырып, қазақ тілінің қоғамдағы орнын нығайтуға және жас ұрпақтың тілге деген құрметін арттыруға бар күш-жігерімізді саламыз. Қазақ тіліне деген сүйіспеншілік – еліміздің жарқын болашағының кепілі, - дейді №37 жалпы білім беретін мектептің директоры Гүлмира Мұқатайқызы. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қазақ тілі #бала #мектеп #Тәрбие
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Кеше 15:32

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Кеше 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Кеше 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Кеше 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Кеше 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика