Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / TikTok, YouTube пен Snapchat-қа қатысты тергеу бас...

TikTok, YouTube пен Snapchat-қа қатысты тергеу басталды

Әлеумет 03.10.2024, 09:55 1,468
TikTok, YouTube пен Snapchat-қа қатысты тергеу басталды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бұған дейін Қазақстанда TikTok желісіне кіретіндердің жасын шектеу ұсынылған еді.

TikTok, YouTube және Snapchat желілеріне қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Euronews басылымына сілтеме жасап.

Еуропалық одақ өз азаматтарына жалған жаңалықтар мен өзіне зиян келтіруді насихаттайтын контенттердің ұсынылуына байланысты әлеуметтік желілерге тергеу бастады.

Енді TikTok, YouTube және Snapchat желілері Еуропалық комиссияның видеоларды ұсыну алгоритмдерінің қалай жұмыс істейтіні туралы сұрақтарына жауап беруі керек.

“Одақтың цифрлық қызметтер туралы заңы (DSA) бойынша жүргізілген тергеу адамдарға неліктен сайлауға қатысты жалған жаңалықтарды немесе депрессия мен нашақорлықты дәріптейтін контент ұсынылатынын түсінуге бағытталған” -делінген ресми хабарламада.

Комиссия видеоларды автоматты ойнату және шексіз айналдыру сияқты мүмкіндіктердің әсерін, зиянды контенттің таралуын болдырмау үшін платформалар қандай сақтық шараларын қолданатынын зерттемек.

15 қарашаға дейін тиісті құжаттарды ұсынбаған немесе жалған ақпарат берген желілерге Еуроодақ заңы бойынша айыппұл салынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Еуроодақ #TikTok #YouTube
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қымбат көліктердің айнасын ұрлаған күдікті ұсталды

Бүгін 10:30

14 наурызда Көктөбеде Көрісу күніне арналған мерекелік концерт өтеді

Бүгін 10:08

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанды

Бүгін 09:52

СІМ Польшада қаза тапқан қазақстандыққа қатысты мәлімдеме жасады

Бүгін 09:34

Алматы қаласының белсенді жастары жаңа Конституция жобасын қолдады

Бүгін 09:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика