Қазақстанда балалардың терезеден құлап кету жағдайлары көбейген, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Осыған байланысты Бас прокуратура ата-аналарға ескерту жасады.
Егер ата-аналар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпесе, олар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабына сәйкес жауапқа тартылады. Бұл бап бойынша 20 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған — шамамен 73 840 теңге.
Соңғы 3 айда осы талапты бұзғаны үшін 8000-нан астам ата-ана мен заңды өкіл жауапкершілікке тартылған.
Баланың өмірі мен денсаулығына ең алдымен ата-ана жауапты екенін ұмытпаған жөн.