ffin.kz

Телефон алаяқтарынан қалай қорғануға болады?

Телефон алаяқтарынан қалай қорғануға болады? Сурет: El.kz

Қазір алаяқтар түрлі айла-тәсілмен алдайтын болған.


Stopfake.kz редакциясы телефон алаяқтарынан қалай қорғану керек екені туралы кеңестер дайындады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Материалда телефон алаяқтары қоңырау шалып тұрғанын қалай тануға болатыны және олардың айласына түспеу түсіндіріледі.


Алаяқ па әлде банк қызметкері ме?


Әңгімелесуші сіз ақша салған банкте жұмыс істейтінін айтады. Ол сыпайы, сауатты сөйлейді, сіздің толық аты-жөніңізді және сіз туралы басқа да ақпаратты білуі мүмкін. Сенбеңіз! Біріншіден, банк қызметкерлері өз клиенттеріне сирек қоңырау шалады. Екіншіден, қызметкердің қоңырау шалғанын банктің call-орталығына қоңырау шалып, нақтылай аласыз.


Қоңырау төрт таңбалы нөмірден келді. Бұл банк емес пе?


Жоқ. SIP-телефония көмегімен алаяқтар кез келген нөмірді, соның ішінде қысқа нөмірді де жасай алады. Қоңырау шалған нөмірге қарап, қорытынды жасаған дұрыс емес.


Олар менің шотыма қауіп төніп тұрғанын айтып, ақшаны басқа, қауіпсіз аударуды ұсынды. Солай істеуім керек пе?


Жоқ. «Қауіпсіз шот» терминін алаяқтардан басқа ешкім қолданбайды. Ресми банктерде барлық шоттар әдепкі бойынша қауіпсіз. Салымшылардың қаражаты сенімді қорғалған, ал қауіпсіздік жүйелері үнемі жаңартылып, жетілдіріліп отырады. Бұл ең айлакер алаяқтардың шоттарда сақталған ақшаға қол жеткізуіне жол бермейді.


Олар менің атыма біреулер несие алмақ болғанын және басқа бір айна шот ашуым керек дейді. Бұл да өтірік пе?


Иә. «Айна несиелер» болмайды. Оны алаяқтар ойлап тапты. Бірде-бір банк сіз болмасаңыз сіздің атыңызға несие рәсімдемейді. Бұл сіз қателесіп немесе кездейсоқ өз деректеріңізді ұсынғанда және банк қосымшасына кіруге үшінші тұлғаларға рұқсат бергенде ғана мүмкін.


Мен ақшаны шоттан шотқа аударсам немесе несие алсам, алаяқтар қандай пайда көреді?


Қаражатты «қауіпсіз шотқа» аударуға көндіре отырып, алаяқтар сізді ақшаны оларға аударуға итермелейді. Олар «қауіпсіз ұяшық» деп өздерінің шоттары мен карталарының нөмірлерін айтады. Несие алғанда да солай. AnyDesk немесе TeamViewer сияқты қашықтан кіру бағдарламаларын қолдана отырып, алаяқтар банктен алған ақшаларын өздеріне аударады.


Мұндай қоңыраулардан қалай қорғануға болады?


Егер әңгімелесуші сізді банктік шотпен қандай да бір әрекет жасауға көндірсе, жинақтарды жоғалтуыңыз немесе қарызға кіруіңіз мүмкін деп айтса, бірден әңгімені тоқтатыңыз. Банк қызметкерлері олай істемейді, сонымен қатар олар клиенттерден SMS-парольдер, CVC-кодтар, логиндер және басқа да дербес деректерді сұрамайды. Егер өз шотыңыздың сақталуына алаңдайтын болсаңыз, банкке қоңырау шалып, ақшаңыздың барына көз жеткізіңіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04