Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Таза таулар: Қоқыс жинап, түскі асты тегін ал

Таза таулар: Қоқыс жинап, түскі асты тегін ал

Не? Қайда? Қашан? 24.04.2024, 12:00 1,173
Таза таулар: Қоқыс жинап, түскі асты тегін ал
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Қала тұрғындары мен қонақтарына арналған ерекше эко-акция


Қалалық Туризм басқармасы Almaty Tourism Bureau-мен бірлесіп, қала тұрғындары мен оның қонақтарын 30 сәуір күні сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін «Аюсай» мен «Горельник» визит-орталықтарының аумағында өтетін «Таза таулар: қоқыс жинап, түскі асты тегін ал» акциясына шақырады.


Акция «Алматы - біздің ортақ үйіміз» жалпықалалық науқаны аясында өтеді. Шара жергілікті тұрғындар мен әлемнің түкпір-түкпірінен келетін туристердің сүйікті демалыс орнына айналған Іле Алатаудың бірегей табиғатының тазалығын сақтауға бағытталған. 


Акцияға қаланың барша тұрғындары мен қонақтары қатыса алады. «Аюсай» мен «Горельник» визит-орталықтарының аумағында Visit Almaty стендтері қойылады. Мұнда нұсқаулықтар мен кеңес беру шарасы жүргізіледі. Қатысушылар қоқысты дорбаға салып, оны Visitalmaty стендтері тұрған жерден тегін түскі асқа айырбастай алады.




Іс-шараға қатысу үшін ыңғайлы қорғаныс киімі мен аяқ киім, бас киім, ауыз су, күннен қорғайтын көзілдірік пен крем алу керек.
Тіркелу және қосымша ақпарат алу үшін: +7 701 727 6672 (Жәнібек), +7 747 272 0098 (Асылхан).



Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтіп жатыр. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады. 


Барлық ақпарат almaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналасқан. Сондай-ақ, веб-сайтқа арнайы QR-код арқылы қала бойынша орналастырылған баннерлерде, плакаттарда және афишаларда кіруге болады.



Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #көктем #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика