AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / «Таза Қазақстан»: Сайраннан басталған жастардың иг...

«Таза Қазақстан»: Сайраннан басталған жастардың игі ісі

Барлығы 21.08.2025, 19:42 476
«Таза Қазақстан»: Сайраннан басталған жастардың игі ісі
Самат Құсайынов

Алматы – еліміздің ең көрікті, табиғаты әсем қалаларының бірі. Тау мен өзеннің арасындағы бұл мегаполиске тек қазақстандықтар ғана емес, шетелдік туристер де жиі келеді. Сондықтан да қаланың әрбір бұрышының таза әрі жайлы болуы – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осы орайда ел көлемінде жарияланған «Таза Қазақстан» акциясы аясында Сайран көлінің жағалауында ерекше іс-шара өтті.

Бұл игі бастаманың басында – 20 жастағы жас блогер Дулат Нәбиев тұр. Ол «Вирус» атты әлеуметтік жобасын қолға алып, соның аясында «90 күн – таза қала үшін» атты экочелленджді бастаған болатын. Негізгі мақсаты – жастарды әлеуметтік желі арқылы экологиялық мәдениетке баулу, қала тұрғындарын табиғатты аялауға үндеу.


Дулаттың айтуынша, бастапқыда ол әлеуметтік желілерде уақытын босқа өткізіп жүргенін түсініп, қоғамға пайдалы контент жасауды қолға алған.

«Алғашқы күндері бізде тәжірибе де, қажетті құралдар да болған жоқ. Соған қарамастан Алматы көшелерінен қоқыс жинауды бастадым. Алғашқы аптада күн сайын 10 қаптан аса қоқыс шығардық. Әлеуметтік желіде жариялаған соң, халық қолдау білдіріп, бізге қосыла бастады», – дейді ол.

Осылайша челлендждің 11-ші күнінен бастап Сайран көлінің аумағын тазалау басталды. Өйткені бұл жерде халық көп жиналатынына қарамастан, қоқыс та жиі қалатын. Алғашқыда алты-ақ еріктімен жұмыс істеген жастар бірте-бірте отыздан астам белсенділердің басын қосты. Қазір Дулаттың бастамасына тек Алматы жастары ғана емес, басқа өңірлердің де белсенділері қосылды. Шымкентте екі жүзден астам жас, Жаркентте 150-ге жуық, Жетісайда 100-ге тарта ерікті жобаға атсалысқан. Жалпы төрт қалада жиналған еріктілердің саны 500-ге жеткен.

– Біздің ең басты мақсатымыз – 90 күн ішінде Алматыны ғана емес, еліміздің өзге қалаларын да тазалыққа шақыру. Бұл тек қоқыс жинау емес, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Қала тұрғындарына үлгі болып, табиғатты қорғауға деген сүйіспеншілігін оятқымыз келеді», – дейді Дулат Нәбиев.

Жастардың бұл игі ісіне кәсіпкерлер де, мемлекеттік органдар да қолдау білдіріп отыр. Мәселен, отандық компаниялар арнайы қаптар, қолғаптармен қамтамасыз етіп, тіпті техника түрінде көмек көрсеткен. Кейбір кәсіпкерлер командаға қажетті құрал-жабдықтар сыйласа, Алматы қаласы әкімдігі мен Жастар саясаты басқармасы ұйымдастырушылық тұрғыда қолдау танытқан.
Сонымен бірге челлендждің әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы халық та өз үлесін қосып, еріктілердің тамағына, жол шығындарына қаржылай көмек беріп отыр.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен Сайрандағы шараға жиналған қоқыстың көлемі жүздеген қапқа жетті. Бұл – тек жастардың ғана емес, баршамыздың ойланатын мәселесі. Қала тазалығы әр тұрғынның жауапкершілігіне тікелей байланысты.
Жас блогердің бастамасы қоғамда үлкен серпіліс тудырып отыр. Экочелленджге қатысқан әрбір жас табиғатты қорғаудың маңызын түсініп, өзгелерге үлгі болуда.

Алматының әсем табиғатын сақтау – бүгінгі ұрпақтың ғана емес, келешек буынның да игілігі. Сондықтан қала тұрғындары тазалықты сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бірге үлес қосқаны абзал.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Сайран #Таза Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Бүгін 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика