Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / "Таза Қазақстан" жобасы аясында қала аудандарында...

"Таза Қазақстан" жобасы аясында қала аудандарында жалпықалалық сенбілік өтті

Барлығы 02.08.2025, 17:56 685
"Таза Қазақстан" жобасы аясында қала аудандарында жалпықалалық сенбілік өтті
Қайрат Қонысбаев

Қала тұрғындары мен түрлі ұйым өкілдері бұл акцияны қолдады. Ауэзов ауданында сенбілікке экоактивистер мен табиғатқа бейжай қарамайтын тұрғындар қатысты.

Сенбіліктің мақсаты — қаладағы тазалықты сақтау және халықты тазалық мәдениетін қалыптастыруға үндеу. Экологиялық кампанияның ерекшеліктері туралы Ауэзов ауданының әлеуметтік бөлімінің меңгерушісі Закида Тастембекова айтып берді:

– Біз экологиялық акцияларға үнемі қатысамыз. Басты мақсат – қаланы таза ұстау, көгалдандыру және абаттандыру. Мұндай әрекеттер жас буын үшін үлгі деп ойлаймын, – деді ол.

Мегаполис тұрғындары "Таза Қазақстан" жалпыэкологиялық акциясынан шет қалмады.

– Біз бұл тазалық шарасына бұрыннан қатысқымыз келіп жүргенбіз. Міне, бүгін қатысу сәті түсті. Өзіме 65 жас толды. Соған қарамастан, үйде де "пластик", "шыны", "тағам қалдықтарын" жеке-жеке бөліп, сұрыптауға тырысамын. Баршаңызды мұқият болуға шақырамын, – деді қала тұрғыны Қалдыбай Әбдіқадыров.

Жетісу ауданында да сенбілік өтті. Акция таңғы сағат 09:00-де Рысқұлов даңғылы мен Бөкейханов көшесінің қиылысында басталды.

– Сенбіліктің басты мақсаты – тек тазалық сақтау ғана емес, сонымен қатар экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Өкінішке қарай, кейбіреулер "тазалық – тек коммуналдық қызметтің міндеті" деп түсінеді. Бұл түбегейлі қате пікір. Экология – үлкен мәселе, оны бәріміз бірігіп шешуіміз керек, – деді Жетісу ауданы абаттандыру бөлімінің бас маманы Ернар Батыров.

Жалпы сенбілікке 2500-ден астам қала тұрғыны қатысты және қала аудандарында 82 арнайы техника жұмылдырылды.

Ауэзов ауданы (Саин мен Абай көшелерінің қиылысы): ағаштарды санитарлық кесу, арам шөптерді жою, тротуарлар мен қоғамдық кеңістіктерді тазарту, жасыл аймақтарды абаттандыру.

Алмалы ауданы (Назарбаев-Кабанбай батыр-Розыбакиев-Карасай батыр және Төле би-Тургут Озал-Райымбек-Розыбакиев көшелері шеңбері): көшелерді сыпыру, балалар және спорт алаңдарын жөндеу мен сырлау, қоқыс жәшіктерін сырлау, жарық шамдарын ауыстыру, көгалдарды шабу және суару, тротуарлар мен скверлерді жуу.

Алатау ауданы ("Дархан" ықшамауданы): қоқыс жинау, жасыл аймақтарды күтіп-баптау, түскен жапырақтарды жинау, жолдар мен тротуарларды жуу, әлеуметтік нысандардың аумағын тазалау және басқа да абаттандыру жұмыстары.

Жетісу ауданы (Рысқұлов даңғылы мен Бөкейханов көшесінің қиылысы): жапырақтар мен қоқысты сыпыру, ағаш діңдерін түзеу, тротуарларды сыпыру және жуу.

Медеу ауданы ("Меркур Град" ТК, 27, 28, 29, 30 үйлер алаңы және "Достық" сквері): аула аумақтарын тазарту, балалар және спорт алаңдарын жөндеу мен сырлау, қоқыс жәшіктерін сырлау, жарық шамдарын ауыстыру, ағаштарды санитарлық кесу, тротуарлар мен скверлерді жуу, жаяу жүргінші аймақтарын тазарту.

Бұл барлық орыннан 700 текше метрден астам қоқыс шығарылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Таза Қазақстан #Алматы #сенбілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ...

Бүгін 18:02

Доллар бағамы төмендеді

Бүгін 17:27

Зейнетақыдан 20 пайыз ұсталады деген рас па?

Бүгін 17:18

Алматы қорығындағы қоңыр аюлар ерте оянды

Бүгін 17:06

Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика