конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Таза Қазақстан»: 500-ден астам комьюнити орталық...

«Таза Қазақстан»: 500-ден астам комьюнити орталық резиденттері қалалық сенбілікке шықты

Әлеумет 30.11.2024, 18:35 891
«Таза Қазақстан»: 500-ден астам комьюнити орталық резиденттері қалалық сенбілікке шықты
Алматы қаласы әкімдігі

Бүгін Алматы қаласында республикалық «Таза Қазақстан» және қалалық «Алматы –ортақ үйіміз» кампаниясы аясында  ауқымды қалалық сенбілік өтті. 

Шараға қаланың барлық комьюнити-орталықтарынан 500-ден астам резидент қатысты. Қатысушылар тек орталықтардың маңайын ғана емес, саябақтар мен скверлер сияқты қоғамдық орындарды да тазартуға белсене көмектесті. 

Сенбілікке қатысқан жастар жыл бойы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған акцияларға дәстүрлі түрде қатысатындарын жеткізді.

«Экологиялық акциялар — бұл тек қаланы тазарту ғана емес, табиғатқа қамқорлық жасайтын адамдардың бірлігін сезінудің мүмкіндігі. Осындай сенбіліктер арқылы, қаламыздың тазалығына кішкене болса да  үлес қосқымыз келеді», - дедіТүрксіб ауданы комьюнити орталығының басшысы Тауасар Мұратхан.

Комьюнити-орталықтар Алматыда экологиялық мәдениетті дамытудағы маңызды алаңға айналды. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының мәліметінше, 2024 жылдың басынан бері бұл орталықтарда 1500-ден астам іс-шара өткен, оның ішінде дәрістер, семинарлар, эко-акциялар, интеллектуалдық ойындар, шеберлік сабақтары, акустикалық кештер, спорттық турнирлер және т.б. Бұл іс-шараларға жалпы 375 мыңнан астам адам қатысса, соның  27 мыңы NEET санатындағы жастар.

Осы жылдан бастап әрбір комьюнити орталықта қазақстандық өндірістің фандоматтары – оларды одан әрі өңдеу үшін пластикалық бөтелкелер мен алюминий банкаларды жинау аппараттары орнатылды. Сонымен қатар «Plastic reboot» акциясы аясында комьюнити орталықтар 1 тоннапластик қақпақ жинады. 

Осылайша, осы жастар кеңістігіне келушілер арасында экологиялық құндылықтар қалыптасуда, ал комьюнити орталықтардың резиденттері қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шараларды қолдай отырып, экорейнджерлер қатарын белсенді толықтыруда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жастар #Таза Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларға арналған AITK Fest 2026 жастар фестивалі өтеді

Бүгін 10:37

Елімізде жеке кәсіпкерлік ашқандар үшін жаңа тәртіп енгізілді

Бүгін 10:13

Алматы облысында спорт катерін шығаратын зауыт пен пилоттарды дайындайтын академия ашылады

Бүгін 09:53

Алматының Алатау ауданында 2026 жылы төрт мектеп ашылып, ірі инфрақұрылымдық жобалар аяқталады

Бүгін 09:35

Бүгін ауа райы құбылмалы болады

Бүгін 09:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);