AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Тауда от жаққандарға 4 миллион теңге айыппұл салын...

Тауда от жаққандарға 4 миллион теңге айыппұл салынды

Заң мен тəртіп 26.06.2023, 10:10 1,387
Тауда от жаққандарға 4 миллион теңге айыппұл салынды
Сурет: Іnformburo.kz

Кәуәп әзірлеу үшін 12 адам от жаққан.


Алматы қалалық ТЖД қызметкерлері Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінің мамандарымен бірге рейдтер өткізіп, өрт қауіпсіздігін өрескел бұзған ондаған демалушыларды анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Жалпы алғанда таулы-орманды аймақта 30 шақты өрт қауіпсіздігін елемеу дерегі анықталған, Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінде кәуәп әзірлеу үшін 12 адам от жаққан. Оларға 4 миллион 140 мың теңге айыппұл салынған.



"Сондай-ақ, түнгі уақытта Көк-Жайлауда үш хаттама ресімделді - 22:00-ден 03:00-ге дейін, ер адамдар жылыну үшін от жаққан. Сонымен қатар, таулы-орманды жерлерде өрт қауіпсіздігін бұзған 17 адам ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша "Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Алматы ТЖД өкілдері.



Ведомство мамандары ормандардағы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы өрт қауіпсіздігі мен санитарлық ережелердің талаптарын бұзу жеке тұлғаларға 100 айлық есептік көрсеткіш - 345 000 теңге мөлшерінде айыппұл арқалайтынын ескертеді.



"Жоғары өрт қаупі сақталатынын ескере отырып, Алматы ТЖД бөлімшелері қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды, құрғақ өсімдіктер өртіне ұшыраған учаскелерде күнделікті патруль ұйымдастырылды, "сөйлейтін" дрондар пайдаланылып жатыр. Орман шаруашылығы мекемелерінің атты және жаяу патрульдері қызмет атқаруға көмектеседі", - дейді ведомство мамандары.



ТЖД-дағы демалушылар мен туристер үшін Іле-Алатау ұлттық паркінде ыстық тамақ дайындауға арналған арнайы жабдықталған 14 орын бар екенін еске салады. Алматы-Арасан шатқалының аумағында - Үлкен Алматы және Казачка өзендерінің бойында 12 орын. Бутаковкада - 2 орын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ТЖД #өрт #Айыппұл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Құрманғазы оркестрі Отан қорғаушылар құрметіне концерт берді

Бүгін 20:39

Қазақстандық жұп әлемдік турнирде жүлде алды

Бүгін 19:33

Сурдлимпиада жүлдегерлеріне 5,5 млрд теңге сыйақы берілді

Бүгін 19:29

Astana IT University жасанды интеллект саласында MIT IDSS-тің Еуразиядағы мүшесі атанды

Бүгін 19:26

Астаналық клиника Орталық Азиядағы көз клиникалары арасында алғаш рет JCI аккредитациясын алды

Бүгін 19:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);