AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / "Тас лақтырып, тиіскен": Алматыдағы саябақта жасөс...

"Тас лақтырып, тиіскен": Алматыдағы саябақта жасөспірімдер тұрғындарға шабуыл жасады

Оқиға 03.04.2026, 10:04 412
"Тас лақтырып, тиіскен": Алматыдағы саябақта жасөспірімдер тұрғындарға шабуыл жасады
видео скрині

Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта бір топ жасөспірімнің тұрғындарға тиісіп, тас лақтырғаны түсірілген видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Кадрларда бір топ жасөспірімнің тұрғындарға тиісіп, агрессия танытқаны байқалады.

Желі қолданушысының жазуынша, оқиға 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ аумағында болған. Оның айтуынша, жасөспірімдер еш себепсіз адамдарға шабуыл жасап, заттарын тартып алған, үстілеріне су шашқан. Сондай-ақ басқа келушілерге тас лақтырып, күш көрсеткені айтылды.

"Алматы. Қала орталығында не болып жатыр? Неліктен маған (және басқа адамдарға) себепсіз шабуыл жасай алады? Біздің заттарымызды тартып алды, үстімізге су шашып жіберді (мен жұмысқа бара жатқан едім), басқа адамдарға тас лақтырып, ұрып-соқты", – деп жазды желі қолданушы.

Оқиғаға қатысты Алматы қалалық Полиция департаменті пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, аталған жайт бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр.

“Полиция қызметкерлері заңда көзделген тиісті шараларды қабылдайды. Жағдай бақылауда. Сонымен қатар полиция кез келген әдепсіз мінез-құлық көріністері, сондай-ақ айналадағы адамдарға қолайсыздық немесе қауіп төндіретін әрекеттерге жол берілмейтінін ескертеді. Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіп нормаларын сақтауға және бір-біріне құрметпен қарауға шақырады”, – делінген департамент хабарламасында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президентін құттықтады

Бүгін 12:00

Алматыда автобустардың жылдамдығы шектелуі мүмкін

Бүгін 11:12

Алматының 3-9 қазан аралығына арналған ауа райы болжамы

Бүгін 10:05

Қанат Бозымбаев Атырау экологиясына қатысты мәселелерді жедел шешуді тапсырды

Кеше 21:31

Алматының Бостандық ауданын көркейтуге 3 млрд теңгеден астам жеке инвестиция тартылды

Кеше 19:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);