конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Тары деген…

Тары деген…

Мұны білген жөн Бүгін 12:27 55
Тары деген…

Аса мәртебелі ақ тарының абызы да, ағзамы да  бола білген Шығанақ Берсеұлы аялы алақанында  өсірген осынау даңқты дақыл туралы аңыздай әңгіме  ұзақ уақыттан бері айтылып келеді. Кезінде «Новый мир» журналы  жазғандай, «болмағанды болдырған»  Шығанақтың  рекордын әлі күнге ешкім қайталаған жоқ. Шығанақтың мәңгі өшпейтін шырағы сол күйінше жарқырап тұр.

Оқырман атақты диқан жайына  көрнекті қаламгер Ғабиден Мұстафиннің «Шығанақ» романы арқылы таныс. Бірақ, романның қашан, қайда, қалай жазылғанын көпшілік біле бермейді. Еске сала кетуге болады: жазушы диқан қайтыс болғаннан кейін 1944 жылы кітап жазуға арнаулы тапсырмамен Ойыл ауданына жаз айында келді. Бұл жазушының бұрын көрмеген өңірі, жұртының таныстығы жоқ еді. Соғыс әлі өршіп тұрған шақ:шал, кемпір, әйел, бала-шағадан басқаның бәрі майданда. Аудан басшылығындағы адамдардыңқуғын-сүргінге ұшырап,  біреуі кетіп, біреуі келіп жатқан жылдар.

Жазушыға диқан туралы деректерді осындайортадан жинауына тура келді. Алапат ашаршылықтан азып-тозып шыққан ел, елде қуғыншылықтың қалың бұлты әлі тұтасып тұрған қатерлі шақ, саясатпен үйлеспейтін артық-ауыс сөз үшін айдалып, атылып кетіп жатқан уақыт. Соғыс кезі. Сол себепті адамдар жазушының сұрақтарына күдікпен қарап, жартымды дерек бере алмаған, жазушының ойынан шығатындай пікір айтатын адам да болмаған. Осы жағдайда ел ішінен естігенін, білгенін жинақтаған жазушы бар болғаны екі  ай шамасы жүріп, жылдың қалған төрт-бес айында жазуды аяқтап, кітабын 1945 жылы баспадан шығарды. Ғабиден Мұстафин бұдан кейін «Шығанақ Берсеев» деп аталатын екі актілі музыкалық пьеса жазды.

Ғабеңнің көркем шығармаларын, орыс қаламгері Геннадий Фиштің «Болмайтынды болдырған адам» очеркін, немістің атақты ақыны Бертольт Брехттің осы очерктің ізімен жазған «Тары» поэмасын айтпағанда, жалпы шығанақтанудың шырайы шыға қоймады. Әр кезеңде  әредік баспасөзде көрініп қалатын бірлі-жарым мақалалардың көпшілігі белгілі деректерді қайталаудан аса алмады. Осындай себептердің  әсері болса керек «шығанақтанушылық» осы кезге дейін дербес зерттеу нысанасы ретінде көрінген жоқ.

Әрине тану мен танытудың алдымен ғылыми тәсілді қажет ететіні белгілі. Бүгінде оқырманның қолына тиіп отырған, өткен жылы Balausa baspasyшығарған «Тары тариххаты» деген кітаптың Шығанақ Берсеев туралы өзге басылымдардан ерекшелігі - оның алғаш рет ғалымның дайындауымен жарық көргендігінде. Кітап авторы – филология ғылымының докторы, бейімбеттанушы ғалым, жазушы-журналист, дипломат, қоғам қайраткері Серікқали Байменшеге Шығанақ танымдық жағынан да, тақырып жағынан да жақын. Ол өткен ғасырдың сексенінші жылдары Ақтөбе облыстық газетінде қызмет істеді: тілші, ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, редактордың орынбасары болды. Республикалық жастар газетінің меншікті тілшісі қызметін абыроймен атқарды. Сол кездері-ақ тары өсіру мəселесі бойынша зерделі жарияланымдарымен көзге түсті. Бұл тақырыпты әлі де  жүйелі зерттеп жүр.  Оның  мерзімдік баспасөзде жарық көрген «Бригадир Рау», «Бағалы дақыл бапқа бітеді», «Жер тынысы», «Ақ тары Ақтөбенің алқасы еді», «Даңқың қайда, ақ тары?»,  «Қияндағы «Құрманнан» келген сый»,  «Достық дақылы»,  «Тары-тағдыр»  секілді  тары өсіру мәселесіне арналған жарияланымдарын байырғы әріптес әрі көнекөз оқырман   ретінде жақсы білеміз.

Ол орыс қаламгері Геннадий Фиштің Шығанақ туралы 1948 жылы Мəскеудің «Новый мир» журналында жарияланған «Человек, сделавший невозможное» атты көлемді очеркін бірінші рет  жылы «Болмайтынды болдырған адам» деп қазақшаға аударып, баспасөзде жариялады, тарихи құнды дүниені ұлттық ғылым мен журналистиканың айналымына енгізді.

Серікқали Байменше шығармашылық, ғылыми, мемлекеттік, халықаралық қызметтерінде елдік мəні бар мəселелерді биік ұстап, олардың оңтайлы шешілуіне перзенттік үлесін қосып келеді. Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде, Еуразиялық экономикалық комиссияда дипломатиялық қызметте жүргенде, Мəскеудегі Бүкілодақтық мəртебеде жұмыс істеген əйгілі көрмедегі Қазақстан павильоны қайта ашылған кезде, осынау еңселі ғимараттың қасбетіндегі  Шығанақ Берсеев пен Жамбыл Жабаевтың тас тұлғаларының көпшіліктің көзі үйренген қалпында сақталуының орындылығын қолдаған, даңқты диқан бабаның ерлік еңбегін Ресейдегі қандастарымыздың арасында кеңінен насихаттаған отаншыл азаматтың бірі.

Жаңа кітапқа тары өсіруден дүниежүзілік рекордқа қол жеткізген қайталанбас тарихи тұлға, даңқты диқан Шығанақ Берсеұлына қатысты бүгінгі ұрпақ назарынан тыс қалған белгісіз һəм маңызды жарияланымдар енгізілген. Мысалы, Ақымет Ескендіров пен Қанафия Мұстафиннің даңғайыр диқан өмірінің белгісіз беттерін ашатын, бұған дейін назардан тыс қалып келген «Толқыннан туған» очеркі, Шығанақтың «Дүниежүзілік рекордқа қалай жеттік» деп аталатын баяндама сөзі, «Ақ тарының атасы атанған даңқты Шығанақ Берсеевтің шəкірттері мен серіктерінің хаты» берілген.

«Толқыннан туған» – белгілі жазушы-журналист Қанафия Мұстафиннің халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің әдеби хатшысы, соғыста қаза тапқан журналист-ақын Ақымет Ескендіровпен бірлесіп жазған еңбегі. Бұл кітапта автор Шығанаққа қатысты қалыптасқан «Ақ тарының атасы» деген сөз тіркесі алғаш рет осы мақала арқылы бүкіл елге кеңінен таралды; бұған дейін мұндай сөз сол кездің баспасөзінде жазылған жоқ, жиналыс-жиындарында айтылған жоқ дей келе, қос қаламгерді, әсіресе Қанафия Мұстафинді осынау аталы сөздің авторы болуы мүмкін деп санайтындығын білдіреді.

Даңқты Шығанақтың туғанына 145 жыл толуы қарсаңында шыққан «Тары тариххаты» – осы кезге дейін айналымға түспеген, беймəлім материалдардың жинақталып берілуімен, автордың өзіндік ұсыныстарымен құнды; əрі даңғайыр диқанның өмір жолын, тарихи тағылымын одан əрі зерттеп, зерделеуге мүмкіндіктің мол екенін аңғартатын туынды.

Идош АСҚАР,

Қазақстанның құрметті журналисі, шығанақтанушы

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тары #Шығанақ Берсеұлы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әнуар Ақылбеков Қазақстанға роллер-спорттан әлем кубогындағы алғашқы алтынды әкелді

Бүгін 12:50

Астанада «Ұлттық қолөнер мектебі» жобасы қорытындыланды

Бүгін 12:26

Алматы тұрғындары кремацияға қатысты өз қалауын енді электронды үкімет жүйесі арқылы алдын ала рәсімдей алады

Бүгін 12:10

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бірқатары арзандады

Бүгін 11:45

Астанада қайтарылған активтер есебінен 1200 оқушыға арналған жаңа мектеп салынады

Бүгін 11:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);