AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Тәртіп қорқынышпен емес — сеніммен орнайды

Тәртіп қорқынышпен емес — сеніммен орнайды

Заң мен тəртіп 02.04.2025, 11:00 612 Bakyt
Тәртіп қорқынышпен емес — сеніммен орнайды
Сурет: ашық дереккөз

Азаматтар жауапкершілікті өз мойнына алғанда — шынайылық өзгереді.  

Еліміз бойынша жүздеген ауылдар өз еркімен спиртті ішімдіктерді сатудан бас тартуда. 

Бұл — қарапайым халықтың саналы таңдауы. Тәртіп, денсаулық және балаларының болашағы үшін жасалған шешім. Мәселен, Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданындағы бір ауылда тұрғындар ішімдікті сатудан өз еркімен бас тартып, бұл туралы бейнероликті әлеуметтік желілерде жариялады.

Осындай мысалдар Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Атырау және басқа да облыстарда кездеседі. Иә, бұл елдегі барлық ауыл санын ескерсек, теңізге тамған тамшыдай көрінуі мүмкін.

Бірақ бастысы — жағдайдың оң серпіні бар. Мұндай елді мекендер саны артып келеді. Адамдар сенім мен тұрақтылықты, тыныштықты жоғары бағалап, бір-біріне үлгі бола бастады.

Бастама ауыл ақсақалдары мен Қоғамдық кеңестерден шығып, прокуратура, полиция және жергілікті әкімдіктердің тарапынан үйлестіру, алдын алу және қауіпсіздік қамтамасыз етілді.

Ауыл кәсіпкерлері ерекше алғысқа лайық. Жерлестерінің үнін естіп, олар дүкен сөрелерінен ішімдікті өз еркімен алып тастады. Күмәнданғанмен, табыстары азайған жоқ. Керісінше, ауыл тұрғындары ішімдіктің орнына балаларға пайдалы азық-түліктерді жиі сатып ала бастады.

Нәтижелер өздігінен көрініп тұр:

• кейбір ауылдарда қылмыс мүлде жойылды,

• тұрмыстық жанжалдар тоқтады,

• жастар спорт пен саналы өмір салтын таңдай бастады.

Бұл — «Заң және Тәртіп» қағидатының өмірдегі нақты көрінісі.

Тәртіп қорқынышпен емес — сеніммен, жаза арқылы емес — саналы таңдаумен орнайды.

«Заң мен Тәртіп — кемел демократияның іргетасы әрі құқықтық мемлекеттің негізі», – деп Мемлекет басшысы атап өткен еді.

Біз болашаққа деген қамқорлық, қоғамдық келісім және заңға құрметке негізделген әрбір бастаманы қолдаймыз.

Айта кету керек, ресми статистика бойынша ағымдағы жылдың алғашқы үш айында алкогольдік мас күйінде жасалған қылмыстар саны азайған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#адам #қоғам #заң #Тәртіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

23 мамырға арналған ауа райы болжамы

Бүгін 10:05

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Кеше 17:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);