конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Тарихта алғаш рет науқас 2-ші типті қант диабетіне...

Тарихта алғаш рет науқас 2-ші типті қант диабетінен жазылды

Медицина 30.05.2024, 19:44 1,047 dulatbekova
Тарихта алғаш рет науқас 2-ші типті қант диабетінен жазылды
Сурет: Islam.kz

Қытай ғалымдары табаны күректей ширек ғасыр бойы (25 жыл) екінші типті қант диабетінен зардап шеккен 59 жастағы науқасты діңгекті жасушылар терапия көмегімен емдеп жазды.

Бұл жайында islam.kz порталы Cell Discovery мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Науқас ер адамға 2021 жылы діңгекті жасушалар трансплантацияланды. 2022 жылдан бері қан құрамындағы қант деңгейін бақылау үшін дәрі-дәрмек қабылдамады. 25 жыл бойы сусамырдан зардап шеккен ол инсулин істеп шығаратын ұйқы безінің түгелге дерлік жасушыларынан айырылған болатын. Мұндай пациенттер мұндай гормонның орнын толтыру үшін ұдайы ине салуға мәжбүр болады. Зертханадағы ғалымдар діңгекті жасушалардан ұйқы безі жасушаларын жасады. Мұндай жасушалардың ерекшелігі олар жасушаның кез келген (жүйке, бұлшықет, бүйрек, т.б.) түріне айналуы мүмкін. Діңгекті жасушаның нақты қандай жасушаға айналатыны ортасына, дәлірегі, белгілі бір заттар құрамына байланысты.

Бұл зерттеуде ғалымдар ұйқы безі жасушаларын түрлендіру үшін белгілі бір заттарды пайдаланды. Осы уақытқка дейін бірде-бір адам қант диабеті дертінен құтылған емес. Қандағы қант деңгейі дәрі-дәрмекті қабылдамай-ақ уақытша қалыпты деңгейге жақындауы мүмкін (ремиссия). Оның өзінде бұл пациенттерден салыстырмалы түрде қатаң диета мен жаттығу бағдарламасын сақтауды қажет етеді. Ғалымдар бұл әдістің 1 типті қант диабеті бар адамдарға жарамайтынын алға тартып отыр. Өйткені, мұндай терапияда иммундық жүйе трансплантталған ұйқы безіне (организмге бөгде агент ретінде қарап) шабуыл жасайды. Сондықтан  трансплантацияланған жаңа жасушаларды жойып жібереді. Бұл бағыттағы зерттеу әлемдегі өлім-жітімнің тоғызыншы себебіне айналған қант диабетімен ауыратын жарты миллиард адам үшін үлкен қадам болуы мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қант диабеті #емдеу #зерттеу #медицина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Ашықтық пен азаматтардың қатысуы артады»: халықаралық сарапшы Қазақстан Құрылтайының реформасын жоғары бағалады

Кеше 22:27

ӘЧ жұлдызы Возинья жаңа клуб тапты: Кабо-Верде қақпашысы Чилиге ауысады

Кеше 16:45

Дастан Сәтпаев "Челси" сапында 36-нөмірмен өнер көрсетеді

Кеше 15:19

Көкшетауда көлік жуу кешенінде 18 жастағы жігіт тоқ соғып, көз жұмды

Кеше 14:29

Әмірліктерде жүрген қазақстандықтар ұлттық жүргізуші куәлігін пайдалана алады

Кеше 12:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);