AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап...

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Оқиға 18.02.2026, 09:07 538
Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған
фото: видео скрині

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қыз баланы көлікке күштеп отырғызып әкетпек болған. Оқиға күндіз, 16 ақпанда қоғамдық көлік аялдамасының маңында болған және бейнебақылау камерасына түсіп қалған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Видео Instagram желісіндегі taraz_life парақшасында жарияланды. Жазбаға пікір қалдырған оқырманның айтуынша, қаскөйлерге аялдамада тұрған ер адам кедергі келтірген. Ол араласқаннан кейін күдіктілер оқиға орнынан қашып кеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, бейнежазбаны қыздың әкесі бақылау камерасынан алған. Жазбаны көріп отырған сәтте ол қызымен байланысып, болған жағдайды нақтылаған, бұл әңгіме видеода ішінара естіледі. Қыздың сөзінше, ер адамдардың бірінің басында ақ түсті бас киім болған.

Тараз қалалық полициясы қызды ұрламақ болған күдіктілердің ізін суытпай ұсталғанын мәлімдеді.

«Полицияға көлікпен жүрген екі белгісіз адамның аялдамада тұрған қызды ұрламақ болғаны туралы хабарлама түсті. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу жетті. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

Полиция өкілдері балалардың қауіпсіздігіне қол сұғу фактілері ерекше бақылауда екенін және мұндай әрекеттер заң аясында қатаң түрде тоқтатылатынын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тараз #ұрлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);