AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Тамызда медициналық маска шығаратын түркиялық зауы...

Тамызда медициналық маска шығаратын түркиялық зауыттың құрылысы аяқталады – ҚР ИИДМ

Медицина 23.06.2022, 16:10 1,542 Almaty-akshamy
Тамызда медициналық маска шығаратын түркиялық зауыттың құрылысы аяқталады – ҚР ИИДМ
Cурет: Aikyn.kz

Құрылыс биыл тамыз айында толығымен аяқталмақ 


ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «MFA International» ЖШС мен «ATM Construction & Investment» ЖШС зауыттарының құрылысымен танысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство басшысы бірінші аялдаған «MFA International» ЖШС зауыты медициналық бетперделер мен ауа тазартатын респираторлар өндіреді. «Астана – жаңа қала» АЭА индустриялық паркі аумағында орналасқан түркиялық кәсіпорынның құрылысы биыл тамыз айында толығымен аяқталмақ.
Жобаның алғашқы кезеңінде Z-267 сериялы қорғаныш деңгейі жоғары бетперде шығару көзделсе (жылына 2,5 млн дана бетперде), кәсіпорын толық іске қосылғанда Prestij (P-267V) сериялы медициналық маска өндіру жоспарланған (жылына 10 млн дана бетперде). Жобаның жалпы құны – 2,1 млрд теңге.
Ал терезе, медициналық құрал-жабдықтар, кеңсе жиһаздары мен металл бұйымдарын өндіретін «ATM Construction & Investment» ЖШС зауыты 2022 жылдың қыркүйек айында іске қосылмақ. Кәсіпорын «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Жалпы құны 22 млрд теңгені құрайтын зауыт толық іске қосылғанда 500 жаңа жұмыс орны пайда болады деп күтілуде. Жоба жалпы аумағы 17 мың шаршы метр аумақтағы бес негізгі өндірістік кешеннен тұрады.



«ҚР ИИДМ басшысы инвесторлармен және құрылысқа жауапты тұлғалармен кездесіп, кәсіпорындардың халық игілігіне қызмет ететініне сенім білдірді», делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#маска #зауыт #медицина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);