конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Тамаш Яккель, Халықаралық кинология федерациясының...

Тамаш Яккель, Халықаралық кинология федерациясының президенті: Қазақтың тазысы ұлттық мәдени мұраның бір бөлігі

Әлем 30.04.2026, 16:21 312
Тамаш Яккель, Халықаралық кинология федерациясының президенті: Қазақтың тазысы ұлттық мәдени мұраның бір бөлігі
Ақорда

Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккель Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

– Қазақстанға келгеніме қуаныштымын. Қазақ топырағына алғаш рет табаным тиіп отыр. Мен үшін Президент мырзамен кездесу – зор мәртебе. Емен-жарқын әрі достық рәуіште әңгімелестік. Мен Мемлекет басшысына FCI мүшесі саналатын кинологиялық клубты қолдау қаншалықты маңызды екенін айттым. Өйткені біздің федерация франшиза жүйесі ретінде жұмыс істейді. Яғни, біз берген кез келген құжат немесе иттің шығу тегі туралы анықтама әлемнің бес құрлығындағы 100 елде мойындалады. Біз қазақ тазысы туралы пікір алмастық. Екі жыл бұрын FCI осы ит тұқымын таныған еді. Былтыр Хельсинкиде өткен дүниежүзілік көрмеде төреші болдым, сонда қазақы тазы тұқымын «World winner» (Әлем чемпионы) атағына лайық деп таптым. Қазақстан кинологтар одағы жасаған ауқымды жұмысты ескерсек, өз шешімімнің дұрыс екеніне күмәнім жоқ. Сонымен қатар Қазақстан Президенті де тазы асырайды екен. Маған Ақорда ауласында орнатылған тазы мүсінін көрсетті. Әрбір асыл тұқымды ит, соның ішінде қазақтың тазысы ұлттық мәдени мұраның бір бөлігі саналады. Сондықтан тазы арқылы Қазақстанның дүниежүзілік кинология қоғамдастығында өзінің лайықты орнын тапқанына қуаныштымын. Мен Президенттен отандық мамандарға қолдау көрсетуді өтіндім. Саясаткер немесе Мемлекет басшысының өзі сапаға көңіл бөлсе, түбінде оның игілігін бүкіл жұрт көреді. Осынау керемет елмен жақынырақ танысып, жақсы әсерлермен аттанамын деп үміттенемін. Алдағы жексенбіде халықаралық иттер көрмесінде төреші боламын. Бір мезетте 60 қазақ тазысын ешқашан көрмеппін. Сондықтан айрықша ықылас танытып отырмын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кинолог
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кедергісіз дауыс беру: Алматы барлық сайлаушылар үшін Құрылтай депутаттарын сайлауға қалай дайындалып жатыр

Бүгін 19:27

Тоқаев Астанада “Болашақ ойындарын“ ашып берді

Бүгін 19:24

Елордада «Болашақ ойындары» аясындағы Дүниежүзілік фиджитал саммиті басталды

Бүгін 17:23

Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Бүгін 17:01

Алматы әкімдігінің гранты бойынша 137 жас дәрігер резидентураны тәмамдады

Бүгін 16:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);