Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Талғампаз көрермендер ықыласына бөленді

Талғампаз көрермендер ықыласына бөленді

Не? Қайда? Қашан? 31.08.2021, 19:39 1,675
Талғампаз көрермендер ықыласына бөленді
Almaty-akshamy.kz

Бағдарламаға алматылық көрерменнің де, Еуропа елдеріндегі аса талғампаз көрерменнің де көңілінен шыққан жаңа қойылымдар енді.


Еліміздің Абай атындағы Ұлттық опера және балет театры «Astana Opera» сахнасында елордалық көрерменге гастрольдік спектакльдерін ұсына отырып, өзінің 88-ші маусымының шымылдығын ерекше жағдайда, тың бағдарламасымен ашты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Елорда тұрғындары мен қонақтары тамашалаған алғашқы спектакль итальяндық қоюшы режиссер, сценограф, костюмдер бойынша дизайнер Маттео Маццонидің қойылымындағы Гаэтано Доницеттидің «Дон Паскуале» операсы болды. Опера труппасының жетекші солистері Зарина Алтынбаева, Таир Тәжі, Эмиль Сакавов, Артур Габдиев және Төлеген Рахымбаев симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен көрермендер залын итальяндық құштарлық сезіміне бөледі. Доницетти операсының сюжетінде композитордың өзі оны «үш актілі драма-буффа» деп атады. Норина сұлудан басқа, қарт Дон Паскуале, оның жас жиені Эрнесто, айлакер доктор Малатеста сынды басты кейіпкерлерді кездестіреміз. Бұл бүкіл оқиғаның қозғаушы күші. Жас әрі сымбатты опера солисі Таир Тәжі рөлге қалай еніп, қарт Дон Паскуаленің кейіпіне енгені аса қызықты. Эмиль Сакавовтың кейіпкері — Доктор Малатеста сахнаға XX ғасырдың 50-ші жылдарын жеткізу үшін Нұр-Сұлтан қаласына арнайы әкелінген VESPA мопедімен шығады.


Ф.Шопеннің «Шопениана», И.С.Бахтың «Бах шығармашылығын тану», М.Равельдің «Болеро» бір актілі үш балеті театры гастролінің лайықты жалғасы болып табылды. Балет труппасының жетекші солистері Жанель Түкеева, Рахым Дайыров, Айман Егізбаева, Гүлвира Құрбанова, Малика Елшібаева, Наргиз Мирсеидова, Рүстем Иманғалиев, Баян Бекетаева, Азамат Асқаров, Нельсон Пенья және Архат Әшірбек өздерінің барлық шеберліктерін музыкада да, хореографияда да әртүрлі үш қойылымда жоғары деңгейде көрсете білді.


Фридерик Шопеннің музыкасына қойылған «Шопениана» — романтикалық балет классикасы. Сюжетсіз спектакль – бұл арман мен шындық арасындағы мәңгілік қақтығыстар мен идеалдықтың жетіспеушілігі бар романтизм дәуіріне еліктеп жасалынған жұмыс. «Шопениана» театрдың бас балетмейстері, ҚР Халық әртісі Гүлжан Түткібаеваның хореографиясында қойылды. 


«Бах шығармашылығын тану» неоклассикалық балеті – бидің ерекше және күтпеген хореографиялық тілін қамтитын революциялық қойылым. Сондай-ақ, хореограф Рикардо Амарантеның қойылымындағы «Болеро» әйелзаттың мінсіз сұлулығы мен сезімталдығын жырлайды. Классикалық модернді сахнада болып жатқан әр көріністен байқауға болады – бишілердің қозғалысы, декорация мен жарықтың түсуі көрерменнің көңіл-күйін өзгертеді. Музыка, әрине, көріністің әсерін күшейтеді.


Тәуелсіздік күніне орай өткен Абай атындағы ҚазҰОБТ гастрольдерінің барлық қойылымы алғаш рет елорда тұрғындары мен қонақтарына ұсынылды. Талғампаз көрермендер көңілінен шыққандығы соншалық, спектакльдердің барлығы аншлагпен өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Талғам #Көрермен #ықылас
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Бүгін 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15

Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттауға арналған 2026–2028 жылдарға арналған жоспарды бекітті

Бүгін 14:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика