Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Талдықорғанда Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай...

Талдықорғанда Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай халықаралық айтыс өтті

Мәдениет 06.11.2021, 11:10 1,258
Талдықорғанда Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай халықаралық айтыс өтті
Cурет: Inform.kz

Бас жүлде - Жандарбек Бұлғақовқа бұйырды


Талдықорғанда Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Төгейін жырды халқыма» атты халықаралық айтыс өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.


Айтысқа аузымен құс тістеген еліміздің ақындарымен қатар Қырғыз елінің төкпе айтыскерлері қатысты.



«Бұл – халықаралық айтыс Алатауды жағалай қоныстанған екі ел арасындағы ғасырдан жалғасып келе жатқан қасиетті өнерге деген құрмет. Бұл – кешегі Сүйінбай мен Тоқтағұл, Жамбыл мен Қатағаннан қалған мәңгі сыйластық. Бүгінгі айтыста Жамбыл баба өнерінің жаңа қырлары жырланып, айтыскерлер достықты ту етеді деп сенемін. Осы айтысқа Қырғыз елінен Қаныбек Қапашұлы Иманалиев бастап келген қадірлі қонақтарымызға, айтыскер ақындарымызға «қош келдіңіздер!» деймін», - деген Амандық Баталов Қаныбек Иманалиевтің иығына шапан жауып, естелік сыйлықтар тарту етті.



«Қазақ пен қырғызды басқалардан өзгеше ететін өздеріне тән бір биігі бар. Ол – киелі сөз. Біз сөзді байлықтан да, басқадан да, тіпті өмірден де биік қоямыз. Қазақ пен қырғыз жылқыға мінгенде, домбыра мен қомыз тартқанда және айтысқа түскенде арқаланады. Рухани жақындығы мол қос елдің тәуелсіздігі баянды болып, өнері өрістей берсін», - деді Қ.Иманалиев.



Бұдан әрі ақындар жереби арқылы жұпталып, сөз сайысы басталды.


Еске салсақ, халықаралық айтысқа ел атынан Жандарбек Бұлғақов, Мұрадым Мирланов, Жалғас Мақсұтов, Айшолпан Тілеутай, Сырым Әуезхан, Қырғыз ақындарынан Амантай Құтманалиев, Азамат Блогонбаев, Асылбек Маратов, Баян Акматов, Кубат Тукешов қатысты.


Сөз додасына Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, жазушы, Халықаралық «Алаш« сыйлығының лауреаты Жұмабай Шаштайұлы, Қырғызстан Жазушылар одағының мүшесі, композитор, публицист, Қырғызстанның халық әртісі Түгөлбай Қазақов, Қазақстанның Мәдениет саласының үздігі, айтыс ақыны Айтақын Бұлғақов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Асыл арна« телеарнасының бас директоры Мұхаметжан Тазабеков, ҚР Мәдениет қайраткері, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының оқытушысы Серік Қалиев, айтыскер ақын Балғынбек Имашев қазылық етті.


Жүлделі орындарға ие болып, сыйлық және дипломдармен марапатталғандар:
Бас жүлде - Жандарбек Бұлғақов (Қазақстан Республикасы, Алматы облысы), Асылбек Маратов (Қырғыз Республикасы). Қос ақын 1,5 миллион теңгеден алды.


Сөз барымтасында ерекше көзге түскен қазақ қызы Айшолпан Тілеутай мен қырғыз ақыны Азамат Болгонбаев 1-орынды жеңіп алып, 1 миллион теңгенің сертификаттарын қанжығалады.


Екінші орын – Мұрадым Мирланов (Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы), Кубат Тукешов (Қырғыз Республикасы), қаржылай сыйлық - 700 мың теңгеден.


Үшінші орын – Жалғас Мақсұтов (Қазақстан Республикасы, Алматы облысы), Амантай Кутманалиев (Қырғыз Республикасы), сыйақы көлемі - 500 мың теңге.


Ынталандыру жүлдесі 300 мың теңге - Сырым Әуезхан (Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы) мен Баян Акматовқа (Қырғыз Республикасы) бұйырды.


Айта кетейік, жыр алыбына арналған шаралар алдағы күндері де жалғасып, «Жамбыл ізімен» атты экспедиция Алматы, Тараз, Бішкек, Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларына шығып, Жамбыл атамыздың есімін ұлықтайтын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Айтыс #Жамбыл Жабаев 175 жыл #Талдықорған
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Еліміздегі үздік IT-университеттер тізімі жарияланды

Бүгін 17:10

Зарина Алтынбаеваның «Жер-Ана тынысы» альбомының тұсаукесері өтті

Бүгін 17:01

Алматыда ғылымның дамуы талқыланып, ғалымдардың жетістіктері таныстырылды

Бүгін 16:49

Ертең Тоқаев пен Мирзиёев кездеседі

Бүгін 16:17

Самокатпен сайран сап...

Бүгін 16:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика