Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Париж-2024 / Талай жеңіс қолымыздан сусып кетті 

Талай жеңіс қолымыздан сусып кетті 

Париж-2024 07.08.2024, 12:57 896
Талай жеңіс қолымыздан сусып кетті 
Сурет: ашық дереккөз

Ермахан Ыбырайымов, Сидней Олимпиадасының чемпионы: 

Ұлттық құрама 7 жолдаманы алғанда бәріміз қуандық. Шын мәнінде, толық командамен Қазақстан мен Өзбекстан ғана барды. Бірақ өзбектердің құрама командасы өте табысты өнер көрсетіп жатыр. Бірден 5 боксшысы жартылай финалға шықты. Әрине, жігіттер жеңіп шықса, көңіл толар еді. Ендігі бар үміт – Нұрбек Оралбайда ғана.

Жалпы, біздің жігіттердің көзінде от жоқ екенін байқадық. Бірінші раундта жеңеді, екінші және үшінші раундта жеңіледі. Физикалық тұрғыдан шаршаңқы сияқты көрінді. Бәлкім, басқаша дайындалу керек пе еді деп ойлаймын. Бұл туралы келгеннен кейін де көп әңгіме болады. Меніңше, дайындық төмен болған сияқты.

Бірақ маған Мұхамедсабыр Базарбайдың ойыны өте жақсы ұнады. Болашағынан үміт күткізетін үш жекпе-жек өткізді. Оның екеуін жеңді, үшіншісінде грузиялық Лаша Гурилиден жеңілді. Төрешілер солай шешті. Ал Сәкен Бибосынов олимпиада және екі дүркін әлем чемпионы Хасанбой Дусматовпен жекпе-жегінде оңбай сүрінді. Болмашы бір соққылар жасады. «Неге ондай соққы жібересің? Одан да қолыңды көтеріп, қорғаныс жасамайсың ба?! Сонда Хасанбойдың соққысы дәл түспей, төрешілердің ойы өзгермес еді ғой!» деп «әттеген-айлап» отырдым. Шын мәнінде, Сәкен осы жолы чемпион болуға мүмкіндігі бар еді.

Ұлттық құраманың капитаны Асланбек Шымбергенов ту ұстау құрметіне ие болды. Ол осы жауапкершілікті көтере алды ма, жоқ па, ойланып қалдым. Бәлкім, оған туды бекер ұстаттық па? Оған ештеңе жүктемей-ақ өз стилімен бокстасуға мүмкіндік беру керек пе еді, кім білсін?! Бірақ иорданиялық боксшыға есе жібергеніне қатты қапа болдым.

Мысалы, Өзбекстан боксшыларының ойынын көрдіңіз бе?! Соншалықты мықты ойнайды. Бір сөзбен айтқанда, еш күмән тудырмайды. Біздің жігіттерге сондай сенімділік жетіспеді. Шаршы алаңға шыққан кезде де аяқ алысы дұрыс болмады. Талай жеңіс қолымыздан сусып кетті. Айталық, Қамшыбек Қоңқабаев, Асланбек Шымбергенов, Махмұд Сабырханның боксына көңілім толмады. Бәленбай жылдық тәжірибесі бар, біраз жасқа келген боксшылардың осындай өнер көрсеткеніне іштей ренжідім.

Адам алдымен басын жұмыс істету керек қой. Бокс деген қарсыласыңның мұрнын бұзу емес. Тактикалық тұрғыда, шахмат ойыны сияқты алдап, жеңілін құрбан етіп, қомақтысын қағып алу керек. Ой-өрісі, алдау тәсілі, қияс қимылдың ешқайсысын көрсете алмады. Ашықтан ашық күш білегіне салып жүрді. Алдыңғы қолмен жойқын соққы бергенін көрмедім. Шынымды айтсам, ішім күйіп, жанып отырды. Бірақ «жігіттер нашар өнер көрсетті» деп қатты сынға да алмаймын. Барын жасады, алайда жиған тәжірибесін қолданып, ақылға салып бокстасу керек еді.


"Nege.kz" сайтынан ықшамдалып алынды

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ермахан Ибраимов #спорт #бокс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шетелдік инвестор Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Бүгін 18:01

Қаланың үздік студенттері WorldSkills Almaty 2026 чемпионатында бақ сынап жатыр

Бүгін 17:56

Өскеменде 16 жастағы қызды жігіті пышақтап кеткен

Бүгін 17:13

Алматы Наурызды рекордтармен, цифрлық киіз үйлермен және жаңа форматтағы қалалық кеңістіктермен атап өтті

Бүгін 16:30

Абай университеті – әлемдік элитада: педагогтар даярлау бойынша әлемнің топ-50 қатарына енді

Бүгін 16:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика