Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / "Таяқпен көк ала қойдай сабаған": Қаскелеңде ер ад...

"Таяқпен көк ала қойдай сабаған": Қаскелеңде ер адамның жауыз әрекеті видеоға түсіп қалды

Оқиға 27.01.2026, 15:11 198
"Таяқпен көк ала қойдай сабаған": Қаскелеңде ер адамның жауыз әрекеті видеоға түсіп қалды
видеодан алынды

Алматы облысына қарасты Қаскелең қаласында отбасылық жанжал ауыр соққыға ұласқан оқиға тіркелді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Жәбірленуші әйелдің айтуынша, ол күйеуімен ажырасу процесінде жүр. Әйелдің сөзінше, күйеуінің күш қолдануы бұрыннан қайталанып келген. Бұл жолы ер адам әйелінің анасы тұратын үйге келіп, күректің сабына ұқсас таяқпен әйелді бірнеше мәрте ұрып-соққан. Қатты соққыдан ағаштың бір бөлігі сынып кеткені бейнежазбада байқалады.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам араша түспек болған әйелдің анасын да бірнеше рет соққыға жыққан. Бұдан бөлек, аулада тұрған көліктің терезелерін шағып, көлікті жүргізуге жарамсыз күйге түсіргені айтылады. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Жәбірленуші өзін ауыр хәлде екенін айтып, полиция шақырғанын мәлімдеді. Сондай-ақ прокуратураға да арыз жазатынын жеткізген.

«Ол мені кезекті рет ұрып-соқты. Көлігімді де бүлдірді. Соққыдан қолым сынып кеткендей. Күректің сабымен аяғымды, арқамды оңдырмай ұрды. Анамды да соққыға жықты. Үйіміздің терезесін шағып тастады. Сол қолымды мүлдем сезбей тұрмын. Бет-аузым қан-қан. Әпкемді де ұрып тастады. Бұл қаншалықты жалғаса бермек?! Балаларымыз себеп болады. Оларды алып кеткен сайын ұрып-соғады. Полицияны шақырып қойдым. Қазір күтіп отырмын. Өтінемін, маған көмектесіңіздерші. Прокуратураға да арыз жазамын», – деп әйел адам көз жасын ұстай алмай, болған жағдайды баяндап берді.

Оқиғаға қатысты Алматы облыстық Полиция департаментіне ресми сауал жолданды. Құзырлы органның жауабы жарияланғаннан кейін қосымша ақпарат беріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қаскелең #Алматы облысы #Тұрмыстық зорлық-зомбылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының ӨКҚ анимациялық жобасы Көрісу күні туралы баяндады

Кеше 22:27

Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті

Кеше 21:20

Тоқаев Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты құттықтады

Кеше 19:48

Тоқаев жастарға үндеу жасады: “Сіздер Қазақстан тарихында өз қолтаңбаларыңызды қалдыра аласыздар”

Кеше 19:29

Алтын медаль: Ербол Хамитов Паралимпиада-2026 чемпионы атанды

Кеше 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика