AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Сырдария өзенінен заңсыз су тартқан бірнеше насос...

Сырдария өзенінен заңсыз су тартқан бірнеше насос қондырғысы анықталды

Әлем 27.07.2025, 13:34 859 Дина
Сырдария өзенінен заңсыз су тартқан бірнеше насос қондырғысы анықталды
сурет: министрлік баспасөзінен

Сырдария өзенінде заңсыз су тарту үшін орнатылған бірнеше насос қондырғылары анықталды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының мамандары Сырдария өзенінен заңсыз су алған тоғыз тіркелмеген насос қондырғысын анықтады. Аталған фактілер бойынша тоғыз әкімшілік іс қозғалып, құқық бұзушыларға жалпы сомасы шамамен 1,7 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Жалпы, жыл басынан бері арнайы су пайдалануға рұқсаты жоқ 62 тұлға анықталып, оларға 12,7 миллион теңгеден астам айыппұл салынды», – делінген жексенбі күні таратылған хабарламада.

Бұдан бөлек, жаңа Су кодексінің күшіне енуіне байланысты инспекция мамандары 73 елді мекенде түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

«Сондай-ақ, бір заң бұзушылық фактісі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы тарапынан анықталды. Атап айтқанда, негізгі су құбырында ақау және су есептегіш құралдың істен шыққаны белгілі болды», – деп толықтырды министрлік.

Нәтижесінде су пайдаланушыға айыппұл салынып, анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқама берілді.

«Қазіргі уақытта барлық бассейндік инспекциялар су заңнамасын бұзу деректерін анықтау мақсатында тұрақты түрде мониторинг жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, су пайдаланушыларға жаңа Су кодексі, суармалы суды пайдалану ережелері, арнайы су пайдалануға рұқсат рәсімдеу және су үнемдеу технологияларына көшу қажеттігі бойынша түсіндіру жұмыстары да жүргізілуде», – деді ҚР Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Темірлан Әбдіқұлов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сырдария
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Бүгін 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Бүгін 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);