AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндама жарияланды

Саясат 25.03.2022, 15:11 2,497
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндама жарияланды
Сурет: Egemen.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2021 жылғы Ұлттық баяндама жарияланды.


ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, құжаттың мақсаты – қоғамды 2021 жылы Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру нәтижелері туралы хабардар ету. 


Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен жұртшылықтың осы бағыттағы жұмысы баяндалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғаммен әріптестік, жауапкершіліктің бұлтартпастығы бойынша қабылданған заңнамалық және практикалық шаралар, сондай-ақ БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясының ережелерін, Еуропа ГРЕКО Кеңесінің басшылық қағидаттарын және ЭЫДҰ ұсынымдарын ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстар ұсынылды.


Бұдан бөлек, Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелерінде халықаралық ынтымақтастық бойынша күш-жігері, елде және әлемде сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін тәуелсіз бағалау қорытындылары көрініс тапты.


«Ұлттық баяндамада Президенттің 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына және оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына назар аударылды.


Құжат мемлекеттік қызметкерлерге, сарапшыларға, рейтингтік агенттіктерге, қоғам қайраткерлеріне, ғалымдарға және басқа да мүдделі тұлғаларға қызықты әрі пайдалы болады», - делінген агенттік хабарламасында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сыбайлас жемқорлыққа қарсы #алдын алу #ұлттық баяндама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Нұрлыбек Нәлібаев отын-энергетика кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 18:30

Трейдинг арқылы пайда табуды көздеген Тараз тұрғыны ақшасынан айырылып қалды

Бүгін 18:07

БҚО-да заңсыз айналымнан 220 келіден астам марихуана тәркіленді

Бүгін 17:51

Тараз перзентханасында бір күнде төрт ана егіз босанды

Бүгін 17:29

Маңғыстау облысында Президент Жолдауы талқыланды

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);