AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / «Super bol!» жобасына қатысушы аяқ доп шеберлері а...

«Super bol!» жобасына қатысушы аяқ доп шеберлері арасындағы іріктеу ойындары Алматыда өтеді

Спорт 10.06.2022, 04:37 1,790
«Super bol!» жобасына қатысушы аяқ доп шеберлері арасындағы іріктеу ойындары Алматыда өтеді
Сурет: Inbusiness.kz

Ауыл балаларына да Еуропаның атақты футбол клубтарында өнер көрсету мүміндігі туды.


«Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Қазспорт» телеарнасынан «Super bol!» жобасы эфирге шығады. Мақсаты - теңбіл допты шыр үйіретін шеберлерді анықтау. Кеше Семейде, ал бүгін Павлодарда 16-25 жас аралығындағы дарабоздар кастингтен өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап. 


Жеңімпаздар «Қазспорт» телеарнасында тікелей жүргізілетін реалити-шоуға қатысады.


Серікбол өзін отандық клубтарда ойнап жүрген футболшылардан кем көрмейді. Жасыл алаңдағы айшықты қимылымен жүздеген студент үлгі тұтар тұлғаға да айналды. Оқуын бітіріп, мамандық иесі атанған соң, енді кәсіби футболда бағын сынап көрмек.


"Бұл жерде ешқандай таныстық рөлі ойнамайды деп ойлаймын. Себебі кез келген бала тіркелуге келген кезде, ол танысы, танысы емес, қандай номер алатыны белгісіз. Сондықтан бұл жоба - керемет мүмкіндік. Суперлердің арасында супер болуға тырысамыз. Мен 100 пайыз дайынмын!" - деді «Super bol!» жобасына қатысушы Серікбол Нақысбек.

«Super bol!» жобасына теңбіл доптың соңына түскен 130-ға тарта үміткер келді. Олар осы жерде топ-топқа бөлініп шеберліктерін сынайды. Мықтыларды алты скаут анықтайды.


Жобаның хедлайнерлері - Давид Лория мен Самат Смақов. Екеуі де «Ертіс» футбол клубында ұзақ жыл өнер көрсетіп, жанкүйер сүйіктісіне айналған.


"Нағыз мықтылар ауылдан шығады. Бірақ көбі сол жақта қалып қояды. Біздің жобаның мақсаты - соларды анықтап, баптап, үлкен ойындарға салу. Әрине, қалалық жерлердегі жастар да қатысады. Бүгін үміткерлердің қайрат жігерлерін сарп етіп барынша сынайтын боламыз", - деді «Super bol!» жобасының бас менеджері Давид Лория.

Кастинг маусымның аяғына дейін еліміздің 8 қаласында өткізіледі. 150 ойыншы іріктеліп, олар Алматыда сыналады. Ол жерде 50 үміткер қалып, екі ай бойы ұлттық құрама жаттығатын Талғардағы базада «Қазспорт» телеарнасында тікелей жүргізілетін реалити-шоуға қатысады.


"Соңғы ойын болады, финалдық ойын. Ол ойында Еуропаның клубтарының, осы Қазақстан клубтарының скаудтері дейміз ғой, селекция жасайтын адамдары келіп көреді. Өздеріне ұнаған ойыншыларды келісімшартқа алатын болады. Ең бастысы, осы ойыншыларға мүмкіндік беру", - деді «Super bol!» жобасының креативтік продюсері Айдын Қожахмет.

Жоба тамыздың соңында қорытындыланады. Ең мықты 22 үміткер анықталып, олар кәсіби клубтардың бірімен кездесу өткізеді. Іле шетелдің атақты клубтарына тәлім алуға жіберіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Super bol #жоба #іріктеу ойындары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);