AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Суды ысырап еткендерге айыппұл бес есе артады

Суды ысырап еткендерге айыппұл бес есе артады

Әлеумет 09.08.2024, 12:50 1,251 Nursok82
Суды ысырап еткендерге айыппұл бес есе артады
Сурет: ашық дереккөз

Мәжіліс депутаттары Су ресурстары және ирригация министрлігімен су қатынастары субъектілерінің су ресурстарын қорғау және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілігін арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Заң жобасы су қатынастары субъектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінде су пайдаланудың және шаруашылық қызметтің белгіленген режимін сақтау, Су шаруашылығы және гидротехникалық құрылыстарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі су заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігін қатаңдатуды көздейді.

Су объектілерін қолдануға арналған тыйым белгілерін жойғаны үшін айыппұл артады:

- жеке тұлғалар үшін 5-тен 50 АЕК-ке дейін;

- лауазымды тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілерінен немесе коммерциялық емес ұйымдарға 30-дан 300 АЕК-ке дейін;

- орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 70-тен 700 АЕК-ке дейін;

- ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 100-ден 1000 АЕК-ке дейін.

Еске сала кетейік, елімізде АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемі 3 692 теңге.

Сонымен қатар су объектілерін заңсыз иеленгені үшін айыппұл көлемі өседі:

- жеке тұлғалар үшін 30 дан 150 АЕК дейін;

- лауазымды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілерінен немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін 40-тан 200 АЕК-ке дейін;

- орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 60-тан 300 АЕК-ке дейін;

- ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 260 - тан 1300 АЕК-ке дейін.

Одан бөлек, суды мақсатсыз пайдаланғаны үшін айыппұл артады:

- жеке тұлғалар үшін 10-нан 50 АЕК-ке дейін;

- лауазымды тұлғалар үшін, шағын кәсіпкерлік субъектілерінен немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін 20-дан 100 АЕК-ке дейін;

- орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 30-дан 150 АЕК-ке дейін;

- ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 170 - тен 850 АЕК-ке дейін.

Жоба «Ашық НҚА» порталында 22 тамызға дейін жұртшылықтың талқысына ұсынылып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ауыз су #Айыппұл #ысырап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);