конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Субсидия алатын фермерлерге қосымша міндеттер жүкт...

Субсидия алатын фермерлерге қосымша міндеттер жүктелмек

Әлеумет 12.12.2022, 15:01 1,229
Субсидия алатын фермерлерге қосымша міндеттер жүктелмек
Сурет: Ашық дереккөз

Инвесторға қойылатын басты талап – жобаның нәтижелігі


Ауыл шаруашылығы салалары бойынша мемлекеттік субсидия беруде қосымша міндеттер жүктеледі. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Субсидияны тиімді ете түсудегі тағы бір жаңашылдық - қосымша міндеттер енгізу. Талаптарға келсек, субсидия алатын ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер ішкі нарық сұранысын есепке ала отырып баға тұрақтылығын сақтауы тиіс. Бұл мәселе бойынша қазір Сауда және интеграция министрлігімен бірлескен жұмыс жүріп жатыр. Сонымен қатар жұмысшылардың жалақысын орташа деңгейден түсіруге жол бермеуді көздейміз. Сол сияқты 5 жылда бір рет инвестиция құю міндеті талап етілмек», - деді Ербол Қарашөкеев Мәжілісте өткен дөңгелек үстел барысында.



Сондай-ақ, министр ауыл шаруашылығы саласында инвестжобаларға жеңілдік болатынын айтты.



«Инвесторға қойылатын басты талап – жобаның нәтижелігі. Осы орайда біз инвестициялық жобаларға субсидияның 75 пайызын бірден бермекпіз. Қалған 25 пайызы жоба нәтиже әкелген соң өтеледі», - дейді ол.



Бұған дейін Ербол Қарашөкеев субсидиялау процесінің электронды форматқа көшетінін айтқан еді.


Аталған жиында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Асқарбек Үйсімбаев отандық сүт өндірісінің дамуына алаңдаушылық білдірді.


Оның айтуынша, Қазақстанда 3 млн тонна сүт өнімдерінің тапшылығы бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Фермер #Субсидия #Талап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы ипподромы қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылды

Бүгін 13:00

100-ден астам алматылық жас JAS CAMP аясында digital-жобалар әзірлейді

Бүгін 12:14

Алматының бас полицейі мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді

Бүгін 11:28

Қазақстанда «Таза жағалау» экологиялық акциясы өтуде

Бүгін 11:02

Бір тәулікте Алматыда 2 мыңнан астам жол ережесі бұзылған

Бүгін 10:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);